Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Қостанай облысы Ресейге биыл 5 мың тоннадан астам сүт өнімдерін өткізді

14.08.2019

Жыл басынан бері Қостанай облысы Ресейге 5 мың тоннадан астам сүт өнімдерін өткізген. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14 процентке көп. Әсіресе сары май мен қаймақ экспорты біраз артқан.

Алыс-берістің ара салмағын таразылайтын болсақ, Қостанай облысында сүт өнімдерінің экспорты импортқа қарағанда 4-5 есе артық. Алайда, Ресей мен Белорусьтен жеткізілетін ірімшік, сүзбе, қойытылған сүт көлемі әлі де аз емес. Қостанайлық кәсіпорындар да қарап жатқан жоқ.

Елена Кох, сүт фабрикасының менеджері:

– Күніне 200 тонна сүт өнімдерін өндіреміз.Соның шамамен 15 пайызы Ресейге экспортталады. Қазір Мәскеуден бастап, Орал аймағы, Шығыс Сібір өңірлеріне дейін таратып отырмыз.

Қостанайда кеште тиелген сүт өнімдері таң ата Ресейдің дүкен сөрелеріне жеткізіледі. Мұндағы кәсіпорын өкілдіктері сауда орындарының тапсырысы бойынша ғана жұмыс істейді. Күн ара әкелінетін 20 тонна сүт өнімдері сол сәтінде сатылады.

Константин Киселев, сауда бөлімінің басшысы:

– Алғашқыда 100 сауда орынына жеткізіп тұрдық. Одан кейін 150-ге көбейді. Бүгінде Челябінің өзінде 500-ден астам сауда орындарына таратамыз. Қостанайда өндіріліген сүт өнімдеріне сұраныс соңғы жылда 4 есеге артты.

Олар мұнымен шектеліп қалмақ емес, жақын аралықта Қорған, Свердлов облыстарына да шығармақ ойлары бар. Қостанай сүт өнімдері таза, әрі сапалы екендігін қарапайым ресейлік тұтынушылар да растайды.

Зоя Соколова, Челябі қаласының тұрғыны:

– Қазақстандық сүт өнімдері өте жоғары сапалы. Ең бастысы, ешқандай қоспасы жоқ, Таза. Сіздерде өндірілетін ет, кондитер өнідеріне сұраныс жоғары.

Челябі облысына өткізілетін сүт өнімдерінің көлемі бойынша қостанайлық кәсіпорын үздік үштікке кіреді екен. Оңтүстік Орал аймағының өзінде сүт өндірушілер аз еместігін ескерсек, бұл айтарлықтай жетістік – дейді ресейлік сарапшылар.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер