Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Челябі облысында қазақ халқының ұлттық мәдениеті ұлықталды

12.08.2019

Ресейдің Оңтүстік Орал өңірінде дәстүрлі "Туған жер" атты қазақ мәдениетінің фестивалі өтті.

Биыл бұл шараны Челябі облысының Верхнеуральск ауданы қабылдады. Ұлттық салт-дәстүрімізді паш еткен жиын-тойға көрші елдің әртүрлі өңірлерінен барлығы 5 мыңнан аса адам қатысты. Фестиваль бағдарламасы ауқымдылығымен де ерекшеленді.

Қаз-қатар тізілген киіз үйлер, ұлттық киімде ән айтып, қызмет көрсеткен қыз-жігіттер, ат жарыс, балуан күрес құдды бір қазақ ауылындағы қызық-думанды көз алдыңа әкеледі.

Тойдың бір шетін, "Менің әжем әдемі", шай мәзірін дайындау, жайма жаю байқаулары қыздырып жатты. Түрлі ұлттық тағамдарға толы шай дастархандарының ішінен үздігін анықтау қазылар алқасына да оңайға соққан жоқ.

Гүлсара Тұрғынова, қазылар алқасының мүшесі:

– Құрт, ірімшік, май, қаймақ, осының бәрін осы уақытқа дейін алып келе жатқан келіншектер мен апаларымыздың алдында басымызды иеміз. Бағалау өте қиын, бәрінің дастарханы сондай төгіліп тұр.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер