Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Еуро-2020: Ресей мен Қазақстан кездесуінің билеттері сатылымға шықты

8.08.2019

Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирі аясында Ресей мен Қазақстан кездесуінің билеттері сатылымға шықты, деп Ресейлік футбол одағының ресми сайты хабарлайды.

Ресей мен Қазақстан арасындағы ойын 10 қыркүйекте Калининградта өтеді. Басталуы: Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:45-те.

Билеттерді ресми оператор – KASSIR.RU сайтынан сатып алуға болады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билеттен ғана беріледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан I топта үшінші орында тұр, Михал Билек командасының қоржынында алты ұпай бар. Топ көшбасшысы – Бельгия құрамасы (12 ұпай).

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер