Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

"Танк биатлоны": Қазақстан командасы мәреге бірінші болып келді

6.08.2019

Мәскеудегі "Алабино" полигонында "Танк биатлоны" сайысы жалғасуда. Жарыста 22 минут 16 секунд нәтижемен қазақстандық команда бірінші болып мәреге жетті, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметi хабарлайды.

Қашықтықты еңсеру экипаж үшін жылдамдықты ғана емес, сонымен бірге зеңбірек, зениттік және пулеметтен оқ ату сияқты тәсілдерді талап етті. Көп тонналық техникалар бірқатар кедергілерден өтіп, мамандар тәжірибелерін ортаға салды.

Қазақстандық команда биатлон барысында мықты командаларының бірі ретінде өздерінің шеберліктерін растады. "Танк биатлоны" үш кезеңнен тұрады. Келесі кезеңде әр қатысушы елдің үш танктік экипажы бірлесіп, бір ұжым болып жарысады. Ал финалда үздік төрт танк экипажы бас жүлде үшін сайысқа түседі.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер