Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Қазақстандық десантшылар Ресей полигонында парашютпен қарғыды

2.08.2019

Қазақстандық әскери қызметшілер – "АрМИ-2019" аясындағы "Десанттық взвод" байқауы халықаралық кезеңінің қатысушылары Псков жерінде парашютпен таныстырылымдық секіруді орындады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таяуда "Взвод құрамында десанттау, жерге қону алаңындағы жиын, 10 шақырымға жүгіру" алғашқы кезеңіне дайындық шаралары шеңберінде байқау қатысушылары әуе-десанттық кешеннің снарядтарында қарғу алдындағы жаттығу өткізді. Оның барысында байқау қатысушылары әртүрлі жағдайлардағы және жерге қону кезіндегі десантшылардың іс-қимылдарын пысықтады. Взвод армиялық авиацияның үш Ми-8 тікұшағында бөлімше құрамында секірді.

Қарумен толық жарақтандыруда ойынға қатысушы 21 елдің өкілдері секірді. Бөлімше құрамындағы десанттау сайысқа түсуге тура келетін парашют жүйелерін қолдана отырып, 600 және 800 метр биіктіктен жүргізілді. Алаңға қонғаннан кейін команда берілген бағдар бойынша 10 шақырым жүгірді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Армия халықаралық ойындары бесінші рет өткізілуде. Ойынның ауқымы 10 мемлекеттің, яғни, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстанның аумағына жетті. Шараға 30-дан аса елден 6 мыңнан аса әскери қызметші қатысады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер