Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Алматыда РФ-ның қалаларымен өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды

31.07.2019

Бүгін, 31шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы РФ Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.

Кездесу барысында Б.Сағынтаев Президент Қ.Тоқаев берген тапсырмаларға сәйкес мегаполисті дамытудың басты бағыттары туралы айтты және таяу арада тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың жаңа стратегиясы жасалатынын атап өтті. Құжаттың басты принципі – шетсіз қала, орталықтандыру, мегаполистің барлық аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру.

Алматы әкімі қала үшін ресейлік әріптестердің қала кеңістігін жоспарлау мен Мәскеу, Санкт –Петербург, басқа да ірі мәдени-тарихи орталықтардың урбанистикасы бойынша тәжірибелерінің өте құнды екенін атап өтті.

Тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамыту переспективаларын талқылады. Алматыда ресейлік капиталмен сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп салаларында 2679 кәсіпорын жұмыс жасайды. Өткен жылы Алматы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 6,8% құрады.

Б.Сағынтаев ШОБ дамыту үшін оңды шаралардың жүзеге асқанын және әкімшілік кедергілердің азайғанын жеткізді. Қалада кәсіпкерлерге қолдау мен қызмет көрсететін "Qoldaў" орталығы және "Алматы" ӘҚК жанынан құрылған толық форматты "AlmatyInvest" инвестициялық блок жұмыс жасауда. Алматы Ресей бизнесімен тығыз байланыста жұмыс жасауға ынталы және өзара пайдалы жобаларды талқылауға дайын.

Кездесу барысында мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.Белгілі болғандай, қазан айының алғашқы онкүндігінде Алматыда Мәскеу күндерін, ал 4-6 қарашада Санкт- Петербургтың гуманитарлық-іс-қимыл миссиясын өткізу туралы келісім жасалған болатын.

"Бұл шаралардың өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін. Біз оларды ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз", – деп атап өтті қала әкімі.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер