«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»
Семейлік он алты жасар шахматшы Арыстан Исанжулов бүкілресейлік жылдам шахмат жарысында жеңіске жетті.
Арыстан 122 шахматшының арасында үздік атанған. Қарсыластар қатарында тәжірибелі гроссмейстерлер де бар.
Ол – "РАПИД Гран-при России – 2019" жарысына Қазақстан атынан барған жалғыз шахматшы және турнирдің ең жас қатысушысы.
Жарыстың күміс және қола жүлдегерлері Пенза қаласынан Дмитрий Кокарев пен Курган қаласынан келген Андрей Дрыгалов атанды.