Жаңалықтар

Қазақстан және Ресей өндірушілері бірлесіп ұшақ құрастыруды жоспарлауда

10.07.2019

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму вице-министрі Аманияз Ержанов сөз етті. Оның ойынша, «Қазақстан инжиниринг» ресейлік компаниялармен бірлесіп, бұл жұмысты осы жылдың соңында бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Ресейлік өндірушілермен бірге «L-610» және жеңіл моторлы «Байкал» ұшақтарын құрастыру жобамыз бар. Бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр, - деді Ержанов.

Сонымен қатар, вице-министрдің сөзінше сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі кездесу өткізген. Соның нәтижесінде өндірістік кооперацияны дамыту саласында бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.

Бұл бағдарламаның аясында «КАМАЗ» және «Hyundai» маркалы машиналар мен олардың компоненттерін өндіру, «Азия Авто ҚАЗАҚСТАН» компаниясы арқылы толық циклді автозауыт салу жобалары көзделіп отыр.