Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің туған күнін тойлайды

6.07.2019

Нұрсұлтан Әбішұлы - біздің еліміздің мемлекеттілігінің және сыртқы саясатының негізін қалаушы.

Тарихи тұлға, бүкіләлемдік масштабтағы көрнекті мемлекет қайраткері және саясатшы, бүкіл өмірін Қазақстан халқына қызмет етуге және жер бетіндегі бейбітшілікке арнады.

Тәуелсіз Қазақстанның 28 жылдық тарихындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси даналығы мен шешімі арқасында біздің республикамыз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 экономикасының тізіміне енді және бүгінгі күні әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену үшін барынша ауқымды мақсатқа дәйекті қадам жасайды.

Әлемдік беделді көшбасшылардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық көзқарастың өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан және жаһандық ауқымдағы дипломат болып табылады.

Өзінің бейбітшілік пен диалогқа деген ұмтылысының арқасында өзара тиімді шешімдерді іздестіру, Қазақстан Республикасының көпвекторлы және теңдестірілген сыртқы саясаты тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің прогрессивті дамуына қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия құрлығындағы көптеген интеграциялық процестер мен диалог процестерінің бастамашысы болып табылады. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ, АӨСШК, ШЫҰ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және т.б. Елбасы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және қарусызданудың күрделі жаһандық процесінде «жаһандық чемпион». Оның сыртқы саяси бастамалары көптеген шетел әріптестерін шабыттандырады.

Бүгінгі күні, негізі мен басты қағидаттарын Елбасы қалаған еліміздің сыртқы саясатын мемлекетіміздің дамуындағы жаңа кезеңде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дамытып және нығайтып келеді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері құрметті Нұрсұлтан Әбішұлын туған күнімен шын жүректен құттықтайды және «Нөмір бір» Дипломатқа зор денсаулық пен игілік, ұзақ өмір сүру, сарқылмайтын энергия мен жеке бақыт тілейді!