Жаңалықтар

Игорь Крутой «Достық» орденімен наградталды

3.07.2019

ҚР Президенті ресейлік композитор Игорь Крутойды «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды.

«Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын» делінген онда.