Жаңалықтар

Мәскеуде ММКФ бас жүлдесін алған қазақстандық киносы көрсетіледі

2.07.2019

4 шілдеден бастап Ресей астанасында режиссер Фархат Шәріповтың «Тренинг личностного роста» атты социалды драмасының көрсетілімі басталады. Бірнеше жыл бұрын Шәріпов аты шулы «Сказ о розовом зайце» деген дебютті туындысымен танымал болатын.

Енді міне кезекті киносы Мәскеуде де көрсетілмек. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында 41-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде «Тренинг личностного роста» киносы бас жүлдені қанжығасына байлаған еді. «Золотой Святой Георгий» статуэткасын Шәріпов әділ-қазылар төрағасы Ким Ки Дуктың өз қолынан алды.

Қазақстанның жаңа заманғы авторлық киносын үлкен экраннан «Балтика» кинотеатрынан тамашалуға болады. Мекен-жайы: Сходненская көш, 56, «Калейдоскоп» сауда үйі, (м.«Сходненская»).