Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Барша журналистерді БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтаймыз

28.06.2019

Бүгін 28 маусымда осыдан 4 күн бұрын бекітілген Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі алғаш рет аталып өтеді. 

Тарихқа қысқа шолу жасайық:

Тәуелсіз Қазақстанда журналистика күні 10 мамырда («Түркістан уәлаяты» газетінің бірінші нөмірі шыққан күні) тойланатын. Алайда мереке ресми болмады. 2011 жылы 1991 жылғы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның қабылданған күніне орайлатып жаңа дата – 28 маусым бекітілді. Бұл дата сол жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні – 28 маусым болып бекітілгенге дейін ауыспалы (баспа, радио және телевидение күні маусымның соңғы жексенбісінде атап өтілетін) болды.

Ең қызығы:

Алғашқы қазақ тілді газет 1870-1882 жылдары шыққан «Түркістан уәлаяты» болды. Оның беттерінде қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси проблемалары туралы, Қазақстанның тұрғылықты халықтары, әдебиет пен өнер туралы мақалалар шыққан.

Латын қаріпіндегі алғашқы газет 2017 жылғы 2 қарашада Арқалықта шықты. «Арқалық хабары» газеті осылайша оқырмандарды ашық диалогқа және латын қарпінде мәтіндерді жазу тәжірибесімен алмасуға шақырды.

2019 жылғы 15 қаңтарға дейін Қазақстанда 3328 БАҚ тіркелген, олардың ішінде 2790 дүркіндік баспа басылымдары, 128 – телеарналар, 70 – радио, 340 – ақпараттық агенттіктер мен жүйелік басылымдар болып табылады.

Құрметтік әріптестер, Сіздер тек оқырмандарға ақпарат таратып қана қоймай, бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастырасыздар, қоғамды біріктіресіздер, ортақ құндылықтар мен бағыт-бағдарды қалыптастырасыздар. Жаңа шығармашылық табыстар, қызықты да өзекі материалдар, тұрақты оқырман көңілін тілейміз!

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер