Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Ресейде Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс беруді қорытындылады

10.06.2019

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі жанындағы №265 сайлау учаскесі ел Президентінің кезектен тыс сайлауындадауыс беруді қорытындылады.

Ресей астанасындағы учаскенің көрсеткіштері келесідей:

Қасым-Жомарт Тоқаев 64,89% дауыс жинады,Әміржан Қосанов – 26,97%, Дәния Еспаева – 5,25%, Жамбыл Ахметбеков – 1,22%, Сәді-Бек Түгел – 0,65%, Төлеутай Рақымбеков және Амангелді Таспихов 0,5% бойынша.

Ресейдің өзге қалаларындағы бас консулдықтар мен консулдықтардағы учаскелерде дауыстар келесідей болды:

Санкт-Петербург: Тоқаев – 71,91%, Қосанов – 18,69%, Еспаева – 5,69%, Ахметбеков – 11,36%, Таспихов – 0,99%, Рақымбеков – 0,62%, Түгел – 0,74%.

Астрахан: Тоқаев – 69,56%, Қосанов – 23,18%, Еспаева – 2,42%, Ахметбеков – 1,45%, Таспихов – 0,97%, Рақымбеков – 1,45%, Түгел – 0,97%.

Омбы: Тоқаев – 69,49%, Қосанов – 14,87%, Еспаева – 4,1%, Ахметбеков – 2,82%, Таспихов – 0,51%, Рақымбеков – 1,28%, Түгел – 0%.

Қазан: Тоқаев – 71,1%, Қосанов – 19,23%, Еспаева – 6,7%, Таспихов – 2,88%, Ахметбеков, Рақымбековжәне Түгел – 0% бойынша.

Сайлаудың соңғы қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы береді.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер