Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Сайлауда Қ-Ж.Тоқаев жеңіске жетті

10.06.2019

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы: Жамбыл Ахметбеков – 167 249 – 1,82 пайыз; Дания Еспаева – 478 153 – 5,2 пайыз; Әміржан Қосанов – 1 472 733 – 16,02 пайыз; Төлеутай Рахымбеков – 294 271 – 3,2 пайыз; Амангелді Таспихов – 190 304 – 2,07 пайыз; Касым-Жомарт Тоқаев – 6 504 054 – 70,76 пайыз; Сәдібек Түгел – 84 348 – 0,92 пайыз.

Дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер