Жаңалықтар

2019-2020 оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақтұлғаларды қабылдау бойынша анықтама

9.04.2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкесҚазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 4 % қабылдау квотасының мөлшері  бекітілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар білім беру гранттарын тағайындау бойынша жалпы конкурсқа қатыса алады.

Бұл ретте «бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары, тіл бөлімі және оқу нысаны бойынша конкурстық негізде беріледі.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға ҰБТ күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен5 маусым аралығында өткізіледі.

Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші бір білім беру саласының ішінде білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 10-20 шілде аралығында қабылданады.

Шет тілдегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификатталады.

Жоғары білімнің білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.

2019-2020 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне  Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды қабылдау бойынша анықтама:

Сондай-ақ, отандастарымыз мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2019-2020 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде (бұдан әрі – дайындық бөлімі) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1000 орын бөлінді.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың дайындық бөліміне түсуіолардың өтініштері арқылы ҰБТ нәтижесіне сәйкес конкурстық негізде іске асырылады. ҰБТ «Математикалық сауаттылық» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша өткізіледі. ҰБТ тапсыру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында өтініштер 2019 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында қабылданады. ҰБТ 2019 жылғы 10 мен 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.Дайындық бөліміне түсушілерді оқуға қабылдау2019 жылғы 25 мен 28 қыркүйек аралығында өткізіледі.