Жаңалықтар

Ресейлік сарапшы: Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы

20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев қиын тарихи кезде елдің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін ғана сақтап қоймай, Қазақстанды өз аумағында дамыған ел ету үшін экономикалық реформаларды жасай алды.

Еуразиялық коммуникациялық орталығының жетекшісі Алексей Пилько осындай пікірде. Саясаттанушының айтуынша, Тұңғыш Президенттің арқасында Қазақстан әлемдік саяси аренада мықты мемлекеттердің біріне айналды.

Алексей Пилько:

– Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздікті мәңгілік мұра етіп, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Қазақстан Орталық Азия аумағында дамыған мемлекет десек, асырып айтқандық емес. Тұңғыш Президенттің ядролық қаруды таратпау жөніндегі идеясын да айту керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан осы жетістіктердің барлығына қол жеткізе алды.