Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы $1,3 млрд. құрап

18.03.2019

2019 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1 350,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,9%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Соның ішінде экспорт – 409,0 млн. АҚШ доллары (12,1%-ға азайды), импорт – 941,3 млн. АҚШ доллары (7,9%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5%, Қырғызстан Республикасына – 4,4%, Беларусь Республикасына – 3,0%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.