Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 7,5%-ға артқан

18.02.2019

2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 19114,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,5%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Соның ішінде экспорт – 5891,9 млн. АҚШ доллары (12,0%-ға өсті), импорт – 13222,5 млн. АҚШ доллары (5,6%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,8%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.