Жаңалықтар

Мәскеуде қазақша күрестен бірінші Ресей чемпионаты өтті

17.02.2019

Мәскеудегі Н.Бауман атындағы ММТУ спорт кешенінде қазақша күрестен Ресейдің алғашқы ашық чемпионаты өтті.

Жарысқа Ресейдің 25 өңірінен 18 жастан асқан, самбо, дзюдо және басқа да аралас күрес түрлерінің ересектер арасында екінші дәрежелі 35 спортшы қатысты.

Өте қызықты және тартысты жарыстың нәтижесінде жеңіске жеткендер: Мади Жангелдин (салмақ дәрежесі 55 кг), Азимжон Акбаров (60 кг), Мурза Урулов (66 кг), Иван Синюк (74 кг), Иван Вареница (82 кг), Александр Устинов (90 кг), Баатар Хэрлэн (100 кг), Роман Бобиков (100 кг жоғары) – ол біріншілікті жеңіп алды. Командалық есепте бірінші орынды мәскеуліктер алса, одан кейін Тверь мен Саратов облыстары сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.

Qazaq kuresi халықаралық федерациясы мен ресей астанасының ұлттық-мәдени бірлестіктері қолдауымен Мәскеудегі қазақ күресі федерациясы жарыстың ұйымдастырушысы болып табылады.

"Біздің мақсатымыз – Ресейде қазақша күресті дамытып, бұл жарыс түрі самбо мен дзюдо секілді олимпиадалық спорт түріне айналуына қол жеткізу", – дейді Мәскеудегі қазақ күресі федерациясының бас директоры Наиль Якубалиев.

Ол ашық чемпионатты жыл сайын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

"Біз тек қаза күресін ғана емес, қазақ мәдениетін де насихаттаймыз. Адамдар жарысқа келіп, қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, салтымен танысады. Жыл сайын қазақша күрес жанкүйерлерінің саны артып келеді", – деді Мәскеудегі қазақша күрес федерациясының президенті Владимир Резанов.

"Қазақша күрес самбо мен дзюдоға техникалық жағынан ұқсас. Бұл оданда түрлі, серпінді және ауқымды спорт түрі, – дейді Ресей Корэш күрес федерациясының вице-президенті Равиль Ногуманов. – Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге жұмыс істеуге дайынбыз және Ресейде қазақша күресті кеңінен таратуға көмектесеміз".

"Мен бұрын грек-рим күресімен айналыстым. Осыдан жарты жыл бұрын қазақша күрестен өзімді сынап көргім келді. Дзюдоға ұқсас, бірақ өзінің нюанстары мен ережелері бар. Бір ай кимоноға, ұстауға, қағу барына үйренгенмін. Ереже білмегенімнен мен әдеттенбегендіктентіпті финалдан ұтылдым.Бірақ мен өкінбеймін. Қазақ күресі маған ұнайды. Онымен айналысуды жалғастырамын", – деп 60 келі салмақ дәрежесіндегі Дағыстан қатысушысы Жамалудин Амаров.

Фотогалерея