Жаңалықтар

Ресейдегі азық-түлік көрмесіне елімізден компаниялар қатысып жатыр

15.02.2019

Мәскеуде өтіп жатқан ресейлік ең ірі азық-түлік көрмесіне жиырма шақты қазақстандық компания қатысып жатыр. Жалпы "Продэкспо" алаңында 70 елден екі жарым мыңға жуық компания тағам, сусындар мен оларды дайындауға қажетті шикізат ұсынған.

Көрме қонақтары әдеттегідей қазақстандық өнімдердің жоғары сапасына тәнті. Соңғы екі жылда олардың Ресей нарығына экспорты едәуір артқан. Қазақэкспорт алғаш рет ұсынған сауданы қаржыландыру механизмі компаниялардың аса қызығушылығын тудырды.

Қазақстандық өндіруші ресейлік дистрибьютормен келісім-шарт жасағаннан кейін "Қазақэкспорт" банктермен бірлесіп дистрибьюторлық компанияға несие беру мүмкіндігін қарастырады. Шетелде қазақстандық өнім өткізіп жүрген компанияларға осындай қаржылық қолдау тауардың жаңа нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыруы тиіс.

Иоанна Пономаренко, қазақстандық компанияның өкілі:

– Компаниямыздың экспорттық әлеуетін алға дамыту ісінде мемлекет көмегін айқын сезіп отырмыз. Осындай тиімді тәсілдердің арқасында 2018 жылы Ресей нарығындағы үлесіміз он үш жарым пайызға жетті.

Максим Кошатских, Ресейдегі қазақстандық өнім дистрибьюторының өкілі:

– Компаниямыздың басты міндеті осы сапалы өнімді әрбір тұтынышуға дер кезінде жеткізу болып табылады. Туыстарымыз бен достарымыздың оны сатып алуға мүмкіндігі болуы үшін, Ресейдің орталық федералды аймағындағы жұмысымызды белсендеттік. Қазақстандық өндірушілермен 30-дан аса келісіміміз бар. Ай сайын компаниямыз 350-ден 500 тоннаға дейін тауар сатады.