Жаңалықтар

Санкт-Петербург – Астана бағытында әуе рейсі ашылады

14.02.2019

Ресейлік "Red Wings" әуе компаниясы Санкт-Петербург – Астана бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр. Мұндай ақпаратты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

"Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе бағыттарын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Дипломатиялық арналар арқылы ресейлік авиациялық билік органдарынан аптасына 7 рейс жиілігімен Санкт-Петербург – Астана бағыты бойынша рейстерді орындау үшін Red Wings әуе компаниясының тағайындау туралы шешім қабылданғаны туралы xабарлама келіп түсті", – деп атап өтті комитеттен.

Қазіргі уақытта Астанадан Санкт-Петербургке тікелей рейстерді "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 6 рет жиілікпен орындайды. Бұрын ресейлік тараптан бұл бағытта "Россия" авиакомпаниясы ұшқан болатын.