Афиша

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіледі

15.05.2019

Алдағы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. 

9 маусым күні Ресей аумағында болатын Қазақстан азаматтары Мәскеу қаласындағы ҚР елшілігінде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: 07:00-20:00 (мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3А).

Сайлаушыларды тізімге енгізу процедурасын жеңілдету үшін ҚР-дың РФ-дағы елшілігіне консулдық есепке тұруға кеңес береміз (сілтемені қараңыз). Сондай-ақ +7 (495) 627 18 12, +7 (495) 627 18 96 телефон нөміріне қоңырау шалып, аты-жөніңіз бен ЖСН-ды хабарлауыңызды сұраймыз.

Мәскеу қаласынан бөлек, Ресей аумағындағы өзге төрт қалада дауыс беруге болады. Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен Консулдықтарында жұмыс істейді:

Санкт-Петербор қаласы, Рылеев көшесі, 10. Тел.: +7 (812) 335-25-46, факс.: +7 (812) 335-25-47, е-mail: kazconspb@mail.ru, веб-сайт: http://mfa.gov.kz/kz/s-petersburg

Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй. Телефон: +7 (843) 202-05-92, факс: +7 (843) 223-06-69, веб-сайт: http://kzkazan.ru/kk/, е-mail: kazan@mfa.kz

Астрахан қаласы, Акварель көшесі, 2Б. Телефон: +7 (8512) 61-00-07, факс: +7 (8512) 25-18-85, е-mail: astrakhan@mfa.kz, веб-сайт: www.mfa.kz/kz/astrakhan

Омбы қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 9. Телефон: +7 (3812) 32-52-13, 32-52-07, 32-52-08, факс: +7 (3812) 32-52-15, 32-52-05, веб-сайт: http://kz-omsk.ru/kz, е-mail: оmsk@mfa.kz.

Дауыс берушілердің өзімен бірге Қазақстан Республикасының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.