Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Афиша

Мәскеуде Құрманғазы атындағы оркестрі өнер көрсетеді

18.04.2019

3 мамырда сағат 19:00-де Мәскеу "Геликон-Опера" музыкалық театрында РФ бойынша гастрольдік тур шеңберінде, ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің қолдауымен, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді.

"Ұлы Дала Әуендері" бағдарламаға қатысады:

– Қазақстанның халық артисті Нұржамал Усенбаева;

– Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев;

Республикалық конкурстардың лауреаттары:

– Әлібек Әлмадиев;

– Мирас Бекжанов;

– Құралай Бекжанова;

– Қайрат Кәкімов;

– Асел Рақымжан;

– Сәтжан Шәменов.

Дирижер – "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, оркестр бас дирижеры Абылай Тлепберген.

Oркестр директоры – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дауешов.

Мекен-жайы "Геликон-Опера": Мәскеу, Үлкен Никитская көшесі 19/16 стр. 1

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер