Афиша

Қалмақияда Қазақстан туралы көрме өтуде

7.12.2018

Элистада Қалмақия Республикасының Ұлттық мұражайында Н.Пальмов атындағы Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайының коллекциясынан "Ұлттық қолөнер – ұлт қазынасы " атты қазақ мәдениетінің бірінші көрмесі ашылды.

Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнердің 90-нан астам заттары: әшекейлер, дәстүрлі киімдер, үй жабдықтары, ат жабдықтары, жүннен және т. б. бұйымдар қойылған.

Аталмыш көрме жақын арада осы аймақтардың басшылары қол қойған Атырау облысы мен Қалмақия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім аясында өтетін іс-шаралар тізбегіндегі алғашқы қарлығаш болып табылады, Қалмақия мәдениет және туризм министрі Хонгор Эльбиков дедi. Министр ұйымдастырушыларды сәтті дебютпен құттықтап, келесі жылы Қазақстаннан жаңа, неғұрлым ауқымды экспозиция келетініне, ал Ұлттық мұражай Атырауда қалмақ халқының өнер және мәдениет көрмесін өткізетініне сенім білдірді.