Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Федерация Кеңесінің мүшесі Григорий Карасинмен кездесті

13.03.2020

Бүгін Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев Федерация Кеңесінің ғылым, білім және мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары Григорий Карасинмен кездесті.

Кездесуде екіжақты парламентаралық қатынастар және мәдени-гуманитарлық сипаттағы бірлескен іс-шаралар мәселелері қозғалды.

Атап айтқанда, трансшекаралық сауданы дамытудың кейбір аспектілері және осы форумдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының рөлі, білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер, Қазақстанда Ресей мәдени күндерін өткізу жоспарлары және ТМД елдерінің мәдени астанасы саналатын Шымкентте алдағы іс-шаралар қарастырылды.

Е.Көшербаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Елбасы Н.Назарбаевтың 10-11 наурыз күндері Мәскеуге сапарының нәтижелері туралы хабарлап, Жеңіс күні мерекесі шараларының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Г.Карасин Ресей мен Қазақстанның ынтымағы тек тарихи ғана емес, сонымен бірге екі ел арасындағы қатынастардың қалыптасқан сенімді сипатын атап өтті. Сенатордың пікірінше, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне Н. Назарбаевтың, соның ішінде ЕАЭО аясындағы экономикалық интеграцияның арқасында қол жеткізілді.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер