Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

РФ Сыртқы істер министрлігінің Қабылдау үйінде Кемерово аймағының әлеуеті таныстырылды

12.03.2020

Ресей Федерациясының СІМ-нің Қабылдау үйінде Ресей субъектілерінің шет мемлекеттермен және іскер топтармен ынтымақтастығын дамыту және нығайту бағдарламасы аясында Кемеровоғ яғни Кузбасс аймағының таныстырылымы өтті.

Шараға РФ СІМ министрі Сергей Лавров, Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилев, дипломатиялық корпустың, федералды және аймақтық билік өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметкерлері Кемерово облысының өкілдерімен кездесті. Олар аймақаралық Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Екі тарап бұл бағыттың экономикалық құрамдас бөлігінің жоғары әлеуетін атап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық корпус өкілдері үшін үнемі Ресей аймақтарының таныстырылымын өткізеді. Олардың негізгі мақсаты - белгілі бір аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстыру, ал Кемерово облысы үшін мұндай тұсаукесер алғаш рет өтті.

2019 жылы Қазақстанның Кемерово облысына – Кузбассқа экспорты 562 861,9 мың долларды, ал импорт – 43 236,1 мың долларды құрады, салыстыру үшін, 2018 жылы экспорт 463,776,4 мың долларды, импорт 56,428,63 мың доллар көлемінде болды.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер