Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Госдумада Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

4.03.2020

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев Госдуманың ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашниковпен кездесті.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық, соның ішінде парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды және де екі мемлекет арасындағы трансшекаралық және өңіраралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Кездесуге қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың екі бауырлас ел арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын орнатудағы және нығайтудағы, сондай-ақ еуразиялық интеграция идеясын табысты жүзеге асырудағы рөлін атап өтті.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер