Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі іскерлік шараларға қатысуы талқыланды

5.03.2020

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаев пен Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Антон Кобяковтың кездесуі өтті. 

Тараптар стратегиялық серіктестік пен тату көршілік рухында өзара тиімді екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың маңызды аспектілерін талқылады. Қазақстандық делегациялардың көпжақты халықаралық іс-шараларға қатысуы, сондай-ақ бірлескен жобалық кеңсе құру бастамасы қаралды. Соңғы жылдары Қазақстан Ресейдегі халықаралық шараларға, әсіресе жыл сайынғы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына белсенді қатысуда.

Ермек Көшербаев атап өткендей, Қазақстанның іскер топтарының өкілдері Ресейде өткен халықаралық бизнес-іс-шаралардың практикалық бағытын жоғары бағалайды: "Біз өз тарапымыздан бизнес-қауымдастық өкілдерінің өзара іс-қимылдарын тереңірек талқылай алатындай етіп, РФ субъектілеріне Қазақстанның іскерлік миссияларын жүргізуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Біздің делегацияның "Росконгресс" қорының іс-шараларына қатысуы бұған септігін тигізеді, ресейлік форумдарға қатысу әрқашанда нәтижелі кездесулер мен ынтымақтастық туралы келісімдерге айналады".

"Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар тұрақты стратегиялық серіктестіктің үлгісі. Қазақстан тарапы Ресейдің ең ірі іскерлік шараларына жоғары деңгейде қатысады. Екі ел қатынастарының сауда-экономикалық аспектісін дамыту мақсатында, ресейлік ұйымдар өз серіктестеріне әрқашан біздің елдің Калининградтан Владивостокқа дейінгі аймақтардың инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Сонымен қатар екі елдің тиісті министрліктері мен мекемелері өкілдерінің кең ауқымды мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді", – деді Антон Кобяков.

Бүгінгі таңда Ресей Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады, ол Қазақстандағы сауда және импорт көлемі бойынша 1-орынды және қазақстандық өнімді экспорттау бойынша 4-орында.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер