Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары Ржевте құрбан болған отандастарына тағзым көрсетті

3.03.2020

Бүгін елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің делегациясы Ржев қаласының (Тверь облысы) фашистік басқыншылардан азат етілуінің 77 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.

Соғыс құрбандарын еске алу рәсімі кезінде Елші 100 және 101-ші жеке атқыштар бригадасының қазақстандық жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенде гүл шоқтарын қойды. Естеріңізге сала кетсек, бұл кешен 2010 жылы ашылып, 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Ржев жерінде 1942 жылы желтоқсанда Алматы мен Ақтөбе қалаларында құрылған 100 және 101 атқыштар бригадаларының сарбаздары шексіз даңққа бөленді. Жауынгерлік операция кезінде қазақстандық дивизия өз жеке құрамының 80%-ға жуығын жоғалтты, бірақ өздеріне жүктелген миссияларын орындады.

Бүгінде шығыны аяғына дейін саналмаған, адамзат тарихындағы ең қанды шайқастарының біріне қатысқан екі атқыштар бригадасының жауынгерлеріне Елшілік қызметкерлері құрмет көрсетті. Мерекелік іс-шараның аясында Қазақстан елшісі Трубино ауылындағы Кеңес әскерлерінің жаппай қабіріне гүл шоқтарын қойды және Хорошево ауылының маңында кеңес жауынгеріне арналған мемориалдың салынуымен танысты. Оның ашылуы Тверь облысындағы Жеңістің 75 жылдығы салтанатының маңызды оқиғаларының бірі болады.

Сондай-ақ, Ермек Көшербаев Тверь облысы Үкіметі Төрағасының орынбасары Андрей Ищенкомен, Тверь облысы Заңнамалық Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, "Электромеханика" ЖАҚ бас директоры Виктор Константиновпен, Ржев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Роман Крыловпен, Ржев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Галина Мешковамен кездесті.

Анықтама үшін:

Ржев қаласы оккупациядан 1943 жылы 3 наурызда босатылды. Соғысқа дейін қала халқы 56 мың адамды құрады. Бұл аймақ, фашистік режимінің басқыншылығы нәтижесінде жермен жексен болды деуге болады. Ржевте басқыншылыққа тап болған сол аймақтағы 20 мың адамнан босатқан күні ауданда тек 362-сі аман қалды.

Фотогалерея

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер