Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті

30.08.2019

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда ең жоғары және жоғары деңгейлердегі өзара сапарлардың кестесін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму барысын, сондай-ақ көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимылды, ТМД елдеріндегі және Орталық Азия аймағындағы ахуалды талқылады.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан-Ресей қатынастарының дамуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін Сергей Лавровқа "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерейтойлық медалін табыстады.

Өз кезегінде, РФ СІМ басшысы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өз құттықтаулары мен жылы тілектерін білдірді.

Дипломаттар тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты. Әңгіме екі ел қатынастары үшін дәстүрлі достық және сенімділік жағдайында өтті.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер