Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Сарапшылардың пiкiрлерi

Хабар 24: Ресейлік сарапшылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласын зерделеді

25.04.2017

Рухани жаңғыру мен ұлттық сана-сезімді қастерлеу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласын зерделеген ресейлік сарапшылар қазақтың бірегей тарихи тәжірибесі мен ұлттық ерекшеліктерін ескеру – Қазақстандағы мемлекеттік реформалардың маңызды шарты екенін мойындайды.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының директоры: - Бұл мақалада жазылғандай, қоғамдық сана өзгермей, экономика мен саясат та алға басуы мүмкін емес, себебі барлық үрдістердің негізі – адам. Озығын алып, тозығын тастау. Бұл өте дұрыс пікір. Тек дәстүрді сақтау туралы сөз болса, ол консерватизм, тек жаңаны енгізу туралы айтылса – ол ультралиберализм. Осы екі ағымды біріктіру дегеніміз – ең құнды әрі пайдалы дәстүрді сақтаумен бірге пайдасы жоқ әдеттерден арылу.

Президенттің мақаласында жазылған бес қағида, оның ішінде бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, осы қағидалар тарихтың белестерінен өткен құндылықтарды ұлт дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан ажыратуға көмектесетін принциптер.

Источник: www.24.kz

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер