Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Сарапшылардың пiкiрлерi

Хабар 24: Сарапшы: Қазақстан экономикасындағы жеделдетілген технологиялық жаңғырту ЕАЭО елдеріне үлгі

30.04.2017

«Қазақстан экономикасындағы жеделдетілген технологиялық жаңғырту – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін үлгі аларлық тәжірибе. Себебі модернизацияның стратегиялық бағдарламасы мен оның аясындағы айқын мақсаттарды жүзеге асыруы арқасында Қазақстан Еуразия елдері арасында көш бастап тұр».

Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Юрий Кофнердің ой-пікірі осыған саяды. Юрий Кофнер, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры: - Нұрсұлтан Әбішұлы келешекті ойлап, Қазақстанның стратегиялық дамуы мен жаңғыртуын жүзеге асырып отыр.

Модернизацияны дәстүрлі құндылықтардан бас тарту емес, керісінше инновация мен дәстүрдің үйлесімі ретінде қарастыру керек. Бұл туралы Қазақстан Президентінің жаңа мақаласында жақсы жазылған. Ресей Федерациясы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдерге Қазақстан бұл жағынан үлгі болып тұр.

Источник: www.24.kz

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер