Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар (АХАЖ АЖ да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді);

5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);

6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып қажетті құжаттарды қоса береді;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);

3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);

4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ

  • ҚР шет елдегі мекемеге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн өткен соң;
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде Консул неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады;
  • ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

КОНСУЛДЫҚ АЛЫМДЫ ТӨЛЕУ

  • Сомасы – 1 980 Ресей рублі

КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН БРОНДАУ СІЛТЕМЕСІ

https://www.kazembassy.ru/rus/select_city 

КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжай: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3А үй.

Тізбе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда

Тел.: - 8-925-897-71-14, E-mail: consul.moscow@mfa.kz