Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Консулдық бөлім уақытша "онлайнға" көшеді

2.04.2020

Өз-өзін оқшаулау режимін жаппай енгізу шеңберінде ҚР-дың Ресейдегі Елшілігінің Консулдық бөлімі қызметті қашықтан көрсету бойынша пилоттық жобаны енгізеді.

Азаматтар Skype бағдарлама арқылы мынадай сұрақтар бойынша кеңес ала алады:

"1 okno" – ҚР визаларын, ҚР азаматының паспортын, Ресей тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат ресімдеу, консулдық есепке тұру бойынша;

"2 okno" – ҚР азаматтығынан шығу/жоғалту, ҚР паспортын тапсыру мәселелері бойынша;

"3 okno" – АХАТ мәселелері, құжаттарды заңдастыру бойынша;

"4 okno" – құжаттарды ҚР-дан талап ету (сонымен қатар апостильмен), ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәліктерді ресімдеу бойынша.

Егер желінің шамадан тыс жүктелу себебінен байланысты бірінші талпыныстан орната алмасаңыз, келесі үлгідей – "Сәлеметсізбе! Маған кеңес алу қажет" – өтініш-хабарлама жіберуіңізді сұраймыз, сонда біздің қызметкеріміз міндетті түрде Сізбен байланысқа шығады.

Сіздің қолайлылығыңыз үшін жаңа онлайн-режим әдеттегі қабылдау күндерінде қолжетімді болады: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма – 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Сондықтан біздің сайтта көрсетілген телефон нөмірлері уақытша қол жетімді емес. 

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер