Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Мәскеудегі қазақстандықтар eGov анықтамаларын екі минутта ала алады

25.08.2018

Енді қазақстандықтар Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімінде онлайн-байланыс арқылы "Электронды үкімет" (e-gov.kz) порталында жүзеге асырылған құжаттарды ала алады.

Сервис жұмысын бастады. Оның көмегімен пайдаланушылар Мәскеуден шет шықпай-ақ, жеке куәліктерін ұсыну арқылы сотты болғаны немесе болмағаны туралы, жылжымайтын мүлікке арналған тіркелген құқықтары туралы және тағы басқа анықтаманы ала алады, электронды цифрлық қолтаңбасын растай алады, бизнесін тіркей алады.

Мәскеудегі консул Бауыржан Ақатаевтың айтуынша, бұл қазақстандықтар үшін өте қолайлы болмақ. "Ендігі ретте біздің консулдық бөлім барлық қажетті қызметті жедел көрсете алады", – деді Ақатаев.

Бұл жаңашылдық "Қашықтықтан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі мұндай қызмет түрі енгізілген Қазақстанның алғашқы шекарадан тыс мекемесі болып табылады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер