Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Туризм

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

Батыс Қазақстан – өзінің таң қалдырарлық ерекше көріністерімен қатар, тарихи, археологиялық және мәдени ескерткіштерінің арқасында туристтер тарапынан үлкен қызығушылық туғызуда.

Бұл өңірде әлемнің ең үлкен көлі - Каспий теңізі орналасқан, сонымен қатар Арал теңізі. Кезінде Батыс Қазақстан аумағы арқылы өзінен кейін біршама таңғажайып ескерткіштер қалдырған Ұлы Жібек жолының тармағы да өткен. Аймақтың маңызды қалалары – Орал, Атырау, Ақтау және Ақтөбе. Осы қалалардан аумақтың көрікті жерлеріне жетуге болады.

Үстірт қыраты

Үстірт қыратында Үстірт ұлттық биосфералық қорығы орналасқан және Маңғыстау түбегі мен Арал теңізі аралығын қамтиды (сілтеме - 5б2т – Рельеф). Мұнда темір жол немесе жеңіл көлік арқылы Ақтау қаласынан жету жеңілірек.

Бұл аймақ бірнеше миллион жыл бойы су астында болып, тек кейін келе қыратқа айналды. Сондықтан да, Үстірт ландшафты қайталанбас және таңғажайып. Ұңғымалар деп аталатын тік қабырғаларының биіктігі кей жерлерде 400 метрге дейін жетеді. Ал күрең барқыттан аппақ түске дейін өзгеретін ұңғыма түстерінің алуан түрлілігі таң қаларлық. Кеш батқан уақытта қырат адам сенгісіз ерекше бейне тудырады: ақ бор жыныстары күлгін түске енеді.

Үстірт қорығының аумағы 70 мың гектар құрайды және оған негізінен шөлді ландшафт тән болып келеді. Қорық муфлон, қабылан, ақбөкен, қарақұйрық, шиебөрі, түлкі, ұзын инелі кірпі сияқты және тағы басқа көптеген сирек жануарлардың мекендейтін орны.

Шопан-ата және Бекет-ата жер асты мешіттері

Бекет-ата сопылық жер асты мешіті жоғарыда аталған Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.

Бекет-ата Мырзағұлұлы Батыс Қазақстандағы ең құрметті адамдардың бірі болып саналады. Ол 1750 жылы дүниеге келген және 40 жасында сопы дәрежесін қабылдап, балаларды оқуға үйреткен. Аңыз бойынша, ол емшілік қасиетке ие болған. Бекет - ата шамамен 1813 жылы дүниеден озып, өзіне соғылған жер асты мешітінің жанында жерленген.

Ол биік жартастың орта қабатында салынған, бұтасы қалың өскен терең қойнауға түскен. Сатысы мешітке кіреберістің алдында салынған шағын алаңға апарады. Бірінші жай – күмбез тәрізді төбенің орталығында тесілген терең жарық саңылауымен жарықтандыратын вестибюль. Вестибюльдің батыс жағында оңтүстік қабырғасында михрабы бар намаз залы, ал оңтүстік-шығыс жағынан екі жай орналасқан, ал олардың бірінде Бекет ата жерленген.

Шопан ата жер асты мешіті Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан 60 км солтүстік-шығыс аймақта орналасқан. Бұл мешіт пен оған тиесілі қорым Маңғыстау түбегіндегі осы тәріздес ғимараттардың ең алыбы және көнесі болып табылады.

Кешеннің оңтүстік-батыс бөлігінде жер асты мешіті мен киелі Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті, сопы Шопан ата мазары орналасқан, сонымен қатар, зерттеушілердің пайымдауынша Х-ХІІІ ғасырлары өмір сүріп мекендеген қыпшақ және оғыз тайпалары орнатқан көне көктас ескерткіштер де бар (сілтеме – 3-б, 6-т – Қазақстандағы Ерте Орта ғасыр).

Шопан ата мешітін үңгірлік деп атауға болады. Оның орталық орны жайлардың кіру ойықтары киелі тұт ағашы мен дәрет алуға арналған тас су қоймасы орналасқан өзгеше аулаға бағытталу үшін шеңбер бойымен ізбес жынысымен салынған бірнеше жайлардан құрылған жер асты мешіті болып табылады. Ал аңызға сенсек, Шопан – атаның өзі жерленген зират үңгірге терең орналастырылған.

Қызыл Қала қалашығы

Көне Қызыл Қала қалашығы, Х-ХІІ ғ., Ақтау қаласынан 170 км жерде, Шерқала тауының етегінде орналасқан.

Археологтардың пайымдауынша, қаланың іргетасы Х ғ-ң екінші жартысында қаланған. Қазіргі таңда кезінде ұлы саналған Қызыл-Қаладан тек бірнеше ғимараттардың іргетасы мен бекет қабырғалары қалған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, ғалымдар Қызыл-Қаланың Хорезм мен Еділ бойы өңірімен байланыстыратын маңызды сауда жолында орналасып, қала орталығы болғандығын анықтады. Еуропа мен Азия арасындағы аса ірі сауда орталығы болды деп айтуға болады.

Археологтар, сонымен қатар, Қызыл-Қала халқы негізінен сауда мен жер шаруашылығы арқылы күн көргенін анықтады. Қызыл-Қаланың дамыған әрі бай болғанын: балтық янтарі, қытай нефриты, үнді және мысыр әйнектері секілді тарихи олжалар дәлелдейді, ал бұл, сәйкесінше, Қызыл-Қала арқылы тасымалданған тауарлар көлемінің кең болғандығын көрсетеді.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер