Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс

Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жетекші рөл атқарады.

2019 жылы 8 сәуірде ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасы Н.Нығматулин Қатар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Парламентаралық одақтың 140-шы Ассамблеясы алаңында РФ Мемлекеттік Думасының спикері В.Володинмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ресей парламентаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оның зор әлеуеті мен одан әрі дамытуға қатысты ортақ мақсаттарды атап өтті.

2019 жылы 4-5 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов Түрікменстанның төрағалығымен Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Іс-шара барысында сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Достастық аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Негізгі назар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру жөніндегі ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге аударылды.

Отырыс барысында Б.Атамқұлов «Қазақстан ТМД-ның сенімді және белсенді қатысушысы бола отырып, Достастыққа қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты барлық салаларда дамытуды жалғастыруға бағытталғанын» атап өтті.

2019 жылы 5 сәуірде ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д.Рогозинді қабылдады.

Кездесуде тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» ғарыш жобасының іске асырылу барысын талқылады.  «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Қазақстан Президентіне «Прогресс-МС11» жүк кемесінің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына сәтті ұшырылғанын мәлімдеді.

2019 жылы 3-4 сәуірде ҚР Президенті Қ.Тоқаев ресейлік әріптес В.Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына ресми сапар жасады. 2019 жылы 3 сәуірде мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ықпалдастығы көпшілік үшін қарым-қатынас жасаудың жарқын үлгісі болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығына, әсіресе энергетика, көлік, транзит, өнеркәсіп және ғарыш салалары мәселелеріне арнайы тоқталды.

РФ Президенті В.Путин Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде Ресейге алғашқы сапарының символдық мәнін атап өтіп, екі ел арасындағы байланыстардың жоғары деңгейде екенін айтты.

Мемлекеттік басшылары келіссөздер қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Сапар қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен РФ Президенті В.Путиннің бірлескен мәлімдемесі.
  2. Ресей-Қазақстан өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы.
  3. ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі келісім.
  4. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы Кәсіпорындардың ғылыми-техникалық кооперациясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары.

2019 жылы 4 сәуірде ҚР Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті, сондай-ақ РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенкомен кездесті.

2019 жылы 29 наурызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев РФ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Бородавкинді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің екі ел халықтарының арасындағы достық байланыстарды дамыту ісіне қосқан үлесін атап өтті.

Елші Қ.Тоқаевқа ҚР Президенті лауазымына кірісуіне байланысты РФ Президенті В.Путиннің құттықтауын жеткізіп, мемлекетаралық жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш салатынын айтты.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Президентінің Ресейге алдағы ресми сапарының күн тәртібін талқылады.

2019 жылы 28 наурызда ҚР Премьер-Министрі А.Мамин РФ өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуровпен кездесу өткізді.

Кездесуде автокөлік жасау, ауыл шаруашылығы машинасын, авиациялық техника жасау, өңірлік сервистік орталықтарды дамыту салаларында бірлескен жобаларды, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі кешені жобаларын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту келешегі талқыланды.

Кездесу барысында өнеркәсіп кооперациясы саласында бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны аталып өтті.

2019 жылы 28 наурызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев РФ Президентінің көмекшісі А.Фурсенконы қабылдады. Мемлекет басшысы екі елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан-Ресей әріптестігі мен одақтастығының маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына алдағы ресми сапары аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында білім беру, ғылым, технологиялық және мәдени тәжірибе алмасу мәселелері талқыланатынын айтты.

2019 жылы 27 наурызда ҚР Премьер-Министрі А.Мамин «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры А.Лихачевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында атом саласындағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері қаралды. Қазақстан – Ресей кәсіпорындарындағы уран өндіру және байыту жобаларын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

2019 жылы 22 наурызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Федерация Кеңесінің төрайымы Қ.Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қ.Тоқаев құттықтағаны үшін В.Матвиенкоға ризашылық айтып, Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланыстары екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

2019 жылы 21 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында В.Путин екі жақты одақтастық қарым-қатынастарды дамытуға зор еңбек сіңіргені үшін Н.Назарбаевқа алғыс білдіріп, оның Еуразиялық интеграция жобасын іске асырудағы тарихи рөлін атап өтті. Ресей Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты нығайту үдерістеріне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар, В.Путин Қ.Тоқаевты Мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің барлық саладағы сындарлы ынтымақтастығын одан әрі ілгерілету үшін тығыз ықпалдастықта болуға, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ, В.Путин Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевты жақын арада Ресей Федерациясына сапармен келуге шақырды.

2019 жылы 11 наурызда ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Қазақстандағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі А.Бородавкинді қабылдады.

Кездесу барысында ҚР мен РФ-тің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

А. Мамин мен А.Бородавкин Астанада биыл мамыр айында ЕАЭО мерейтойлық саммитін, күзде Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу жоспарларын қарады. Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешені бойынша өзара іс-қимылдың бірлескен әдіс-тәсілдері, соның ішінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту, «Бәйтерек» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

2019 жылы 19 ақпанда Қазақстан Президенті «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы «Қазмұнайгаз» және «Лукойл» компаниялары арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың тиімділігін және оның жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.  Қазақстан Президенті Ресей компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттестік білдірді. «Лукойл» Қазақстанның экономикасына 9 миллиард долларын жуық инвестиция бөлді.

Әңгімелесу барысында Ресей тарапы Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі «Жеңіс» жобасын бірлесе іске асыруға қатысты жоспар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

«Лукойл» мұнай компаниясының президенті Қазақстан аумағындағы жағармай материалдарын шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берді. Кәсіпорынның жоспарланған қуаты жылына 100 мың тонна болады. Заманауи зауыт жана жағармай материалдарының барлық түрін өндіретін болады.

Кездесу барысында озық технологияларды қолдана отырып, жаңа көмірсутегілердің кен орындарын іздеу үшін бірлескен жұмыстар жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі әзірлеп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру ісіне Ресей компанияларының атсалысу мәселесі талқыланды.

2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Тасмағамбетов РФ Президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа IІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Марапаттау рәсімі барысында дипломатиялық миссия басшысы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін» ресейлік саясаткер жоғары наградаға лайық екенін хабарлады. Өз кезегінде, Ю.Ушаков жоғары награда үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдіріп, әріптестермен бірге елдер арасындағы бауырлас қатынастарды, мемлекет басшылары арасындағы достықты дамыту мен нығайту үшін қолынан келгенше қызмет атқаратына сендірді.

2019 жылғы 7 ақпанда Астанада Мәжіліс Үйінде ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мен РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкиннің кездесуі өтті. Қазақстан мен Ресей арасындағы, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту жайы талқыланды. Атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық тақырыбында кең ауқымды мәселелер көтерілді.

2019 жылғы 1 ақпанда Алматыда ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев пен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін келген РФ Үкіметінің Төрағасы Д.Медведевпен екіжақты кездесуін өткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика салаларындағы, сондай-ақ ғарышты игеру мен цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған екіжақты қарым-қатынастардың мәселелері талқыланды. «Байқоңыр» бойынша ынтымақтастық әлеуетін дамыту перспективалары қаралды. Аймақаралық және шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Екі тарап ХV Өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында екі мемлекеттің Басшылары қол қойған ҚР мен РФ-тің 2019–2021 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарының іске асырылу барысын қарады. Туризм саласындағы, ең алдымен, шекара маңы өңірлеріндегі өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін шешуге үлкен мән беріледі.

2019 жылғы 1 ақпанда РФ СІМ-інде Орталық Азия елдері дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі И.Тасмағамбетов пен Ресей Сыртқы істер министрі С.Лавровтың кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде бірқатар ортақ өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Аймақтағы тұрақтылық, қауіпсіздік және дамуды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің практикалық өзара іс-қимылының бағыттары қарастырылды. Осындай форматтағы кездесулерді тұрақты негізде жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2019 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Сыртқы істер министрі ресми сапармен Мәскеуге келді. ҚР мен РФ Сыртқы істер министрлері Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров кездесу барысында саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты. Сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне, көлік-транзит, отын-энергетика және әскери-техникалық саладағы жағдай мен болашаққа, сондай-ақ Байқоңыр кешені бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Келіссөздердің маңызды бөлігі ретінде екі елдің өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара әрекеті болды. Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі қорытындыланып, көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы талқыланды. Екі ведомство басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдарын тексеріп, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді үйлестіруге қызығушылық танытты. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық іс-шаралары жоспарына қол қойылды. Тараптар СІМ-аралық өзара іс-қимылын одан әрі жылжытудың өзара рухын растады.

2019 жылғы 11 қаңтарда ҚР және РФ Сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сұхбаты өтті. Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді. Сұхбат барысында Қазақстан-Ресей өзара әрекеттесудің бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

2019 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің ресейлік әріптесі В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. ҚР басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан мен Ресей басшыларының телефон арқылы сұхбаты өтті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылап, Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі бағыттағы байланыстардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылады. Елдер көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. 

2018 жылғы 14 желтоқсан РФ Президенті В.Путин ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады. Ресей басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешу жолында айтарлықтай табысқа жеткенін атап өтіп, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде және Астана процесі аясында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мәселелерін шешу барысында маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

«Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз. Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, барлық салалардағы екі жақты сындарлы ынтымақтастықты және Еуразиялық интеграциялық үдерістер аясындағы өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге шын жүректен мықты денсаулық пен табыс, ал достас Қазақстан халқына амандық пен бақ-береке тілеймін», – делінген Ресей Президентінің құттықтау жеделхатында.

2018 жылғы 6 желтоқсанда Н.Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургқа сапармен барды. Отырыста Жоғары Еуразия экономикалық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі цифрландыру мәселелерін іске асыру барысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, газ, мұнай және мұнай өнімдері салаларында ортақ нарық қалыптастырудың, сондай-ақ интеграциялық бірлестік аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, сол күні Қазақстан Басшысы ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты. Мемлекеттер басшылары кездесу барысында түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жəне оны əрі қарай дамыту мəселелері жөнінде пікір алмасты.

26 қарашада Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, бейбітшілік және қауіпсіздік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясы аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверов ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесуі өтті. Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың болашақ бағыттарын талқылау барысында Палата комиссиясының, арнайы комитеттер мен ынтымақтастық топтардың әлеуетін белсенді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді. Екі елдің стратегиялық әріптестігі туралы әңгіме барысында Петропавл қаласында өткен Қазақстан мен Ресей басшыларының, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өткен Аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумының қорытындысына ерекше назар аударылды.

2018 жылғы 16 қарашада және 4 желтоқсанда Қазақстан және Ресей басшылары телефон арқылы сұхбат жүргізіп, екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

2018 жылғы 9-10 қарашада Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 13-ші отырысы болды. Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов шараны аша келіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Ақтау саммитінің қорытындыларын Астана жоғары бағалайтынын атап өтті. Сенат Төрағасының орынбасары осынау ерекше құжатқа қол қою жөніндегі келісімге келудегі Ресейдің үлесін жоғары бағалады. Өз кезегінде, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Аграрлық-азық-түлік саясаты және табиғатты пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Сергей Белоусов Конвенцияны уақытында ратификациялаудың маңызы туралы айтты. Отырыс барысында екі елдің сенаторлары Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Маңғыстау облысы мен Ресейдің Дағыстан Республикасын мысал ете отырып, шекаралық аймақтарды дамытуды, Каспийдегі туризм, экология мен биоресурстарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

2018 жылғы 9 қарашада В.Путин Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының кезекті XIV Форумына қатысу үшін Петропавл қаласына сапармен барды. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен туризм саласындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті өңіраралық ынтымақтастық форумы тақырыбының өзектілігін атап өтіп, мәдени және экономикалық ықпалдастық аясында туризм саласындағы ынтымақтастықты өркендетудің маңыздылығына арнайы тоқталды. В.Путин Қазақстанның сауда-экономика саласындағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтіп, екі жақты қарым-қатынастардың жоғары даму қарқынына назар аударды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Президенті туризм саласындағы екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың әлеуеті зор екенін айтты. Келіссөздер соңында мемлекеттер басшыларына «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамытуға арналған жоба таныстырылды. Сонымен қатар, Президенттерге әлеуметтік нысандардың салыну барысы, инфрақұрылым желілерінің жөнделу нәтижелері және Байқоңыр қаласындағы тұрғын үй алаптарының газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

2018 жылғы 8 қарашада Астанада Ресей көшбасшысы ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі кезекті отырысының жұмысына қатысты. Кеңес мүшелері халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің осы ұйым аясындағы және халықаралық аренадағы ықпалдастық мәселелерін талқылады. Отырыста Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына 2018 жылғы төрағалығы қорытындыланып, оған мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасты.

2018 жылғы 2 қарашада Мәскеуге жұмыс бабындағы сапармен келген Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында болды. Оқытушылар мен тыңдаушылар алдында сөз алған Сенат Төрағасы Еуразияның геосаяси рөлі мен халықаралық аренадағы Қазақстанның орнына талдау жасады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бүгінгі таңда жаһандық және аймақтық қауіпсіздік кескін-келбетінің беріктігі елеулі түрде сынаққа түсіп отыр. «Біз қырғи-қабақ соғыстың кейбір көріністерінің қайта туындап отырғанын көріп отырмыз. Ұлттар арасындағы, діндер арасындағы, тіпті діндер ішіндегі сипаттағы текетірестер өрши түсуде», - деді Сенат басшысы. Сенат Төрағасы Мәскеуде Ресей Федералдық Жиналысының қос Палаталарының басшыларымен кездесті. Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен әңгіме аясында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту тақырыбы көтерілді. Сенат Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің өзара одақтастық қарым-қатынастары Еуразия құрылығындағы тұрақтылықтың маңызды мәселесі болып табылады. Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресей заң шығару органдары жоғарғы палаталарының депутаттары қатысатын Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның қызметіне жоғары баға берілді. Қ.Тоқаев. В.Матвиенконы Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің 25 жылдығымен құттықтады. Сенат Төрағасы депутаттық корпустың жинаған тәжірибесі Ресей азаматтарының әл-ауқаты мен өмір тұрмысының деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Қазақстан делегациясының басшысы сондай-ақ қыркүйек айында В.Матвиенконың қатысуымен Санкт-Петербургте өткен Екінші Еуразиялық әйелдер форумының қорытындыларына оң пікір білдірді.

Сенат Төрағасының Мемлекеттік Думаның Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығының түрлі мәселелері сөз болды. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің халықаралық аренадағы өзара әріптестік іс-қимылының маңызды рөлін атап өтті және ол жаһандық әрі аймақтық саясаттағы көптеген мәселелерде екі мемлекеттің көзқарастарының сәйкестігімен нәтижелі болып отырғанын айтты. Біздің парламенттерге қатысты алғанда, олар да өз күш-жігерін, оның ішінде көптарапты құрылымдар аясында да үйлестіріп отырады.

2018 жылғы 1 қарашада РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Астанаға ресми сапары шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Қазақстандық мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасында өзара сенімге негізделген және қарқынды дамып келе жатқан ықпалдастықтың стратегиялық сипатын атап өтті. «Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар үлгі етуге тұрарлық. Бізге осы қарым-қатынасты сақтау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және ТМД сияқты халықаралық ұйымдардың аясында екі елдің өзара ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды және өңіраралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, екі жақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Д.Медведевке ризашылық білдірді. Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі артқанын айтты. «Қазақстан – Ресейдің стратегиялық серіктесі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз ауқымдылығымен және тарихының тереңдігімен ерекшеленеді. Жоғары деңгейде өткізілетін көптеген кездесулер, сондай-ақ үкіметтеріміз бен бизнес қоғамдастықтарымыз арасындағы жақсы қарым-қатынастар – соның дәлелі. Біз жыл бойы түрлі басқосуларда жиі жүздесеміз. Бұл – қуантарлық жәйт. Мұндай қатынастар болмайынша, толыққанды өзара ықпалдастық орнату мүмкін емес», – деді Д.Медведев.

30 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Мәскеудегі ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі отырыстарына қатысты. Н.Нығматулин ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысында әріптестерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы ҰҚШҰ-дағы қазақстандық төрағалығының басымдылықтары ретінде белгілеп берген бағыттарын ескеріп өтті. Соның ішінде, әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастыққа ҰҚШҰ-ның лаңкестікке қарсы жаһандық іс-қимыл халықаралық жүйесін қалыптастыру үрдісіне белсене қатысуына көңіл бөлді.

2018 жылғы 20 қазанда Сарыағаш қаласында (Түркістан облысы, Қазақстан) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Президенті Владимир Путиннің және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесулері өтті. Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

8 қазанда түркиялық Антальяда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин РФ Федерлдық Жиналысы Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володинмен кездесті. Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің достық және өзара іс-қимылына негізделген екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатына тоқталды. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл екі ел президенттерінің келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қолдайтын қос мемлекет парламентінің жұмысына серпін береді. Нұрлан Нығматулин мен Вячеслав Володин Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысына ұсынылған тақырыптың өзектілігіне назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей бірыңғай экономикалық кеңістікте орналасқанын алға тарта отырып, экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің маңыздылығын да атап өтті.

2018 жылғы 20 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Әйелдер жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қолдайды» атты Екінші Еуразиялық әйелдер форумына қатысты. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы ұйымдастырған форумға Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, халықаралық ұйымдар жетекшілері, сондай-ақ әлемнің 100 елінен 500-ден астам өкіл қатысты. Қазақстан делегациясының құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері кірді. Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесіндегі: «Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін үкіметтердің, саясаткерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның күш-жігерін жұмылдыру қажет» деген сөзіне назар аударды. Мемлекеттік хатшы тұрақты және әділетті қоғам құру үшін әйелдер экономика өмірінің барлық саласына толыққанды атсалысуы қажет екенін атап өтті.

2018 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан және Ресей президенттерінің телефондық сұхбаты өтті. Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Сирияда Ил-20 ұшағының апаты салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қаза болуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

2018 жылғы 12 тамызда В.Путин Ақтау қаласында 5-ші Каспий саммитіне қатысты. Оның шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевпен екіжақты кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашатын Каспий маңы елдерінің айтулы саммитіне белсенді атсалысқаны үшін ризашылық білдірді. «Екі жақты қарым-қатынастарымыз барлық бағытта, әсіресе, экономика, әскери-техника және ғарыш салаларында ілгерілеп келеді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық мәселелер де қарқынды дамуда», – деді Қазақстан Президенті. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Каспий маңы елдері саммиті жұмысының нәтижелерімен құттықтап, мұның Қазақстанның өзінде болған оқиға ретінде тарихқа енетінін айтты. «Бұл – жиырма жыл ішінде қол жеткізілген елеулі оқиға. Ұзаққа созылған талқылаулар мен пікірталастардан кейін шешім табылды. Осы шешімнің Каспий маңы өңіріндегі ынтымақтастығымыздың дамуына септігін тигізетіні сөзсіз», – деді Ресей Федерациясының Президенті.

2018 жылғы 11 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Кеңестің жұмысына Әзербайжанның, Иранның, Қазақстанның, Ресейдің және Түркіменстанның сыртқысаяси ведомстволарының басшылары қатысып, алдағы жоғары деңгейдегі «Каспий бестігі» кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады. «Бүгін біз ілгерілемелі келісімге ұмтылу және өзара тиімді шешімдерді табудың арқасында Каспий теңізіндегі өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселелер бойынша консенсуске келе алдық. Бұның айғағы ретінде президенттерге қол қоюға ұсынылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы болып табылады», - деді Қ.Әбдірахманов. Атқарылған жұмыс Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны атап өтілді. Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Бесінші Каспий саммиті барысында қол қоюға жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бейнелейтін хаттаманы қабылдады.

2018 жылғы 4 тамызда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. ҚР басшысы Краснояр өлкесінде Ми-8 жолаушылар тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

27 шілде Санкт-Петербург қаласында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, онда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері бас қосты. Дәстүрлі түрде Үкіметаралық кеңестің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті. Шағын құрамда қатысушылар ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру барысын, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік салаларында өзара іс-қимыл орнату мәселелерін қарады. Атап айтқанда, ортақ газ нарығын қалыптастыру, техникалық құралдарды пайдалана отырып және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің түйіндесуі арқылы Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру мәселелері талқыланды.

24 шілде Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті. Патриарх Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған салиқалы саясатын ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен діндер арасындағы, оның ішінде православ дінімен де арадағы өзара сұхбат сындарлы түрде дамып келе жатқандығын ерекше атап өтті. 

23 шілде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды. 

9 шілде Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға қол қойылуының 20 жылдығына орай екі елдің сыртқы істер министрлері құттықтау жолдауларымен алмасып, екі халықтың достығын нығайту мүддесімен көпқырлы ынтымақтастықтың дамуын жалғастыруға сенім білдірді. 

9 шілде Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері А.Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапары шеңберінде "Роскосмос" ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д.Рогозинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру, бірлескен ин­вес­тициялық жобаларды жүзеге асыру және Байқоңыр қаласын әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар жаңа буындағы ұшатын көлік корабльдерін ғарыш көгіне аттандыратын "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыруды жеделдетуге уағдаласты. 

6 шілде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астананың 20 жылдығымен құттықтады. Ресей Президенті Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі. 

4 шілде Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарлары, сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру келешегі талқыланды. Бұдан өзге, кездесу қатысушылары білім беру және өнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарады. 

29 маусымда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин және Ресей Федерациясы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі А.Силуанов Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған архитектуралық көрменің ашылу қатысты. 

14-15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы Мәскеу қаласындағы "Лужники" стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. Қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановпен кездесті, Қазан федералдық университетіне және өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды. Бұдан өзге, Мемлекет басшысы Бұлғар қаласын және Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жобаларымен танысты.

23 мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаев Астанада РФ қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті. Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.

22 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады. Ресей басшысы Қазақстан Президентін Мәскеуде таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.

20-21 мамырда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Ресейге ресми сапары өтті. Сапар барысында Н.Нығматулин Александровский бағындағы белгісіз сарбаз моласына гүлдесте қойып, РФ Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володинмен, Федерация Кеңесі төрайымының орынбасары И.Умахановпен кездесті, «Сколково» инновациялық орталығын аралады, ал Мемдума қабырғаларында «Қазақстан және Ресей ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесі ашылды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз еткен Мәжіліс Төрағасы жоғары деңгейдегі кездесулер мен жеткен жетістіктер стратегиялық әріптес саналатын қос мемлекеттің өзара іс-қимылдың жарқын үлгісіне айналғандығын атап өтті. Н.Нығматулиннің пікірінше, біздің елдеріміз арасында сенімді саяси үнқатысу орнап, терең экономикалық байланыстар орнаған, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Мәжіліс Спикері атап өткендей, бұл Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достыққа негізделген бірлескен тиімді жұмысының нәтижесі. Н.Нығматулин екі ел басшыларының келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қолдауға ерекше назар аударды.

Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Мәжіліс делегациясының ресми сапарының маңыздылығына тоқталды. Бұл соңғы 10 жылдағы алғашқы сапар. В.Володин қазақстандық және ресейлік депутаттардың бүгінгі кездесулері парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

Жүздесу барысында Парламенттер палаталарының басшылары Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палата­ара­лық парламенттік комиссияның, бейінді комитеттер мен достық топтарының әлеуетін тиімді пайдалануға уағдаласты.

Мемлекеттік Думада екі елдің дипломатиялық қатынасының орнағанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстан және Ресей ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесінің ашылуы болды. Көрмеде Мемлекеттік Думаның XX ғасыр басындағы бірінші және екінші шақырылым жұмыстарының мұрағаттық суреттері қойылған, ол жұмыстарға қазақ депутаттары да қатысқан болатын. Ал ортақ тарих туралы Ұлы Отан Соғысы, тың игеру кезеңіндегі ерліктер, Байқоңырдан ғарышқа алғашқы сапар жайындағы естелік қойылған.

16 мамырда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәми Ресей Федерациясы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Конституция және конституциялық бақылаудың міндеттері» атты халықаралық конференцияға қатысты. Ол VIII Петербург халық­аралық заң форумы жұмысының басталуы қарсаңында болды. Панельдік сессияларда және соның шеңберінде өтіп жатқан конференциялар мен дөңгелек үстелдерде жаһандық әлеуметтік-экономикалық және өзге де сын-қатерлер контек­сін­дегі өзекті заң мәселелері талқы­ланады. Пікірталастар сондай-ақ Еура­зия­лық экономикалық одақтың құ­қықтық негіздеріне, білікті заң көмегін көрсету мәселелеріне, терроризмге, киберқылмыстылыққа қарсы күреске, корпоративтік құқықты, төрелікті, банкроттық және көптеген басқа да құқықтық институттарды дамытуға арналды.

14 мамырда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Сочиде РФ Президенті В.Путинмен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті сайлауындағы жеңісімен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттарда екіжақты достық әрі тығыз ынтымақтастық орнағанына тоқталды. «Қазақстан – Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі – 16 миллиард долларға жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты. «Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс істеп, алға ұмтылып, бұл кезеңдерді де еңсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша бірқалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс істеуге тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Федерациясының Президенті екі мемлекет арасындағы түрлі салаларда өзара тиімді қарым-қатынастар орнағанын айтып, олардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды. Владимир Путин Қазақстан Ресейдің стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ ең жақын экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Елдеріміз арасындағы қатынастар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, тауар айналымы 30 пайызға өсті. Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала бермек. Ресейдің Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясының көлемі артқанын да атап өткім келеді», – деді Владимир Путин. 

14 мамырда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Сочиде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Басқосу барысында тараптар экономикалық одақ аясындағы экономикалық өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің одан әрі экономикалық интеграциялану нәтижелері мен перспективаларына ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы интеграциялық үдерістер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикалық даму қарқынына зор үлес қосып отырғанын айтты. «Бұған стратегиялық салалардағы – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі оң қарқын септігін тигізді. Сыртқы саудада да, ішкі саудада да айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Былтыр Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы және өзара ішкі сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өсті. Оң қарқын биыл да сақталып отыр», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық одақтың халықаралық беделі арта түскенін, сондай-ақ шет елдер осы ұйыммен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті РФ Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады. «Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін. Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті Д.Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

4 мамырда екі елдің көшбасшылары телефон арқылы бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алдағы мерекесімен құттықтады. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Осы орайда, екі елдің көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы ішкі және сыртқы сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өскенін атап өтіп, халықаралық қоғамдастық тарапынан бұл бірлестікпен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтың артып отырғанын айтты.

26 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров және оның ресейлік әріптесі Татьяна Москалькова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат екі мемлекет аумағында қиын өмірлік жағдайға түсіп қалған адамдарға көмек көрсету жүйесін жетілдіруге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктерін нығайтуға, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы алдын ала шаралар кешенін қолдануға, сондай-ақ форумдар, практикумдар, семинарлар және конференциялар шеңберінде құқық қорғаушылық мәселелер бойынша ақпарат және тәжірибемен өзара алмасуға бағытталған.

«Екі мемлекеттік құқық қорғаушылық органдардың өзара ықпалдасу тарихында алғашқы рет адамдарға жәрдем берудің жаңа перспективаларын ашып отырған – ал ол болсын екі институт үшін ең басты мақсат – Меморандум жасасуы өтті», - деді Татьяна Москалькова. Ол Ресей мен Қазақстан құқықтық институттарының дамуы үшін келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат құқық қорғаушылық әрекеттер мәселелері бойынша ақпаратпен өзара алмасуға және екіжақты консультацияларды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға жол ашады.

Татьяна Москалькова Астанаға «ҰҚТ және ұлттық құқық қорғаушылық мекемелердің бірлескен жігерлерімен азаптауды алдын алу» Ұлттық алдын алу тетігінің екінші форумына қатысуға келді. 

26 сәуірде Астанада Қазақстанның Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин кездесті. Қазақстанның Бас прокуратурасы соңғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұлғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады. 112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі қарай елде өтеу үшін Ресейден алдырылды. Өз кезегінде Ресейге 242 орыс азаматы қайтарылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, сонымен қатар «Байқоңыр» кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі Келісімге қол қойды. Тараптар бірінші Келісім аясында қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл кезінде, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысында әдіс-тәсілдермен бөлісуге, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық, экономика мен жоғары технологиялар бағытында тәжірибе бөлісуге келісті. «Байқоңыр» кешені аумағына қатысты ынтымақтастық туралы Келісім азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеп-тексеруді жүргізуде Қазақстан-Ресей серіктестігін одан әрі нығайта түседі.

25 сәуірде «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партиялары өзара ықпалдастық туралы хаттамаға қол қойды. Билік партиялары өңірлік партиялық құрылымдар арасындағы әріптестікті одан ары нығайта түспек. Мұндай келісімге «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен көрші елдің партиялық делегациясын бастап келген «Единая Россия» партиясы Бас кеңесі хатшысының орынбасары Сергей Железняктің кездесуінде қол жеткізілді.

Астанада өткен кездесуде тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынас тең құқықтық, тәуелсіздікке құрмет, аумақтық тұтастық және ұлттық мүдде негізінде дамып жатқандығына назар аударды. Бұл қағидалар екі елдің партияаралық әріптестігінің берік негізіне айналғандығы да атап өтілді. Ресми кездесуде Мәулен Әшімбаев делегаттарды Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуметтік бастамаларымен, сонымен қатар «Нұр Отанның» партиялық жаңғыру аясында жүзеге асыратын жобаларымен таныстырды. Кездесу соңында «Нұр Отан» мен «Единая Россия» арасында 2020 жылға дейін Өзара ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойылды.

«Біз барлық бастамаларды қолдаймыз. Бұл қолдау жастар жобаларын және халықтарымыздың игілігіне бағытталған басқа да іс-шараларды аймақтық, жергілікті партиялық ұйымдарымыз бірігіп жүзеге асыру арқылы екі партия арасындағы тығыз қарым-қатынастың аясын кеңейте түседі деп сенемін. Осындай партияаралық қарқынды жұмыс екі халық, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын бейнесін көрсетеді», – дедi Сергей Железняк.

25 сәуірде Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінің шақыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастаған еліміздің делегациясы Қауіпсіздік мәселелермен айналысатын жоғары өкілдердің тоғызыншы халықаралық кездесуіне қатысты. Кездесу барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, есірткінің заңсыз айналымымен күрес жүргізу және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Н.Ермекбаев «Халықаралық террористік ұйымдардың стратегиясы мен тактикасының дамуы» тақырыбындағы баяндамасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға байланысты нормативтік құқық базаны қалыптастыру жөніндегі Қазақстанның іс-қимылына, еліміздегі терроризмге қарсы күштердің ұйымдастырылу жайына, ТМД, ШЫҰ және ҰҚШҰ аясындағы серіктестермен бірлесе атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарына тоқталды. Әлемдегі барлық мемлекеттердің терроризмге қарсы күрес жүргізуші күштерін жұмылдырудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы тоғызыншы халықаралық кездесудің қатысушыларына Нұрсұлтан Назарбаевтың Терроризмге қарсы күрестің жаһандық желісін (коалиция) құру, сондай-ақ Террористік ұйымдардың бірыңғай тізбесін әзірлеу туралы бастамаларын белсенді түрде қолдауды ұсынды.

23 сәуірде Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Мәжіліс Төрағасы елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, А. Бородавкиннің дипломатиялық жұмыстағы мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады. Н.Нығматулин атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің терең түсіністік пен достыққа негізделген салиқалы саясаттарының арқасында біздің елдеріміз өзара әріптестіктің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізді. Маңызды бағыттар қатарында Н.Нығматулин аймақаралық және шекаралаық ынтымақтасты, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлесітктер аясында өзара іс-қимылды атады.

Екі елдің Парламент өкілдері ТМД ПАА аясында ұлттық заңнамаларды үйлестіру бойынша табысты еңбек етіп, ЕурАзЭО заңнамалық базасын қалыптастыруда бірлесе белсенді жұмыс істеуде.

20 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды. Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

17 сәуірде Ресей тарапының бастамасымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтің және РФ Президенті В.Путиннің телефондық сұхбаты өтті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

12 сәуірде Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Сенат басшысы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Минск саммитінде белгілеген Қазақстанның 2018 жылы ҰҚШҰ-да төрағалық етуіндегі бес басымдығы туралы әріптестерін хабардар етті. Олар мүше мемлекеттердің әскери саладағы өзара іс-қимылы тетіктерін кеңейту; әскери-техникалық ынтымақтастықты іс жүзінде ұйымдастыру; ҰҚШҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық іс-қимылдың халықаралық жүйесін қалыптастыруға қатысуы; ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кибер қауіпсіздікке қарсы әрекет етудің бірлескен әдістері; есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру болып табылады.

Қ.Тоқаев әлеуетті құрылымдардың жедел әрекет етуі мен жұмыстарының реттелуін арттыру үшін ҰҚШҰ Бірлескен штабы мен Дағдарысқа әрекет ету орталығы жаңа құрылымының тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Ол халықаралық терроризмге және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл аясында Қазақстан өз қызметін ҰҚШҰ-ның өзара іс-қимыл жасау аясын БҰҰ-ның терроризмге қарсы құрылымдарымен кеңейту мәселелеріне, сондай-ақ халықаралық салада терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай әдістерді әзірлеуге және ілгерілетуге шоғырландыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Осыған байланысты, Минск сессиясы барысында біздің еліміздің Мемлекет басшысы халықаралық аренада терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай тәсілдерді бірлесіп ілгерілетуді ұсынған болатын. Мұнда ең алдымен, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер азаматтарының шет елдерге, террористік әрекеттер өршіп тұрған ошақтарға шығуына жол бермеуге бағытталған бірлескен профилактикалық іс-шаралар туралы, сондай-ақ қоғамдық санада радикалды саяси және діни көріністердің кез келген нысандарын қабылдамау түсінігін қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы сөз болып отыр», – деді Сенат басшысы.

ҰҚШҰ-ның одан кейінгі басымдығы – кибер қауіпсіздігі қатері туралы айта келіп, Қ.Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдары нысандарына бағытталған компьютерлік шабуылдарды жою жөніндегі шаралар әзірлеу, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы анықталмаған мүмкіндіктерді зерттеу әдістері бойынша тәжірибе алмасу үшін Ұйымның үнқатысу алаңдарын кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті.

Қазақстан есірткілердің заңсыз айналымына қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған ҰҚШҰ-ның қызметін аса маңызды бесінші басымдық деп санайды. Біздің еліміз ҰҚШҰ-ның 2015-2020 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын жүзеге асыруға күш салуға, оған БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Алматыда құрған Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдерін тартуды ұсынып отыр.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, ҰҚШҰ-ның басқа халықаралық және аймақтық құрылымдармен, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және АӨСШК-пен тығыз байланыс орнамайынша белгіленген бағыттар бойынша тиімді жұмыстар жүргізу мүмкін емес.

Қазақстан Сенатының басшысы сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесінің отырысына да қатысты. Отырыс барысында Кеңес мүшелері – Ассамблея құрамына енетін делегациялардың басшылары Ассамблея мен оның Хатшылығының жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді қарады, ТМД ПАА-ның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады және алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарын талқылады. Парламентшілер ТМД ПАА Экономика және қаржы, Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың отырыстарында үлгі заңдардың жобаларын талқылады.

12 сәуірде Мәскеуде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевтің РФ Ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачевпен кездесуі өтті. Қазақстандық делегация Ресей Ауылшаруамині Талдау орталығынің әлеуетімен танысты, ол елдеріміздің бірлесіп дамуындағы экономиканың цифрландыруы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадамы болмақ. Сондай-ақ тараптар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде қант нарығының даму мәселесін талқылады. Кездесуге Беларусь Республикасының, Еуразиялық экономикалық комиссиясының, ресейлік салалық одақтар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты. 

13 сәуірде Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясында өткен «Достастық елдері мәдениетінің өзара іс-қимылы: жай-күйі, келешегі мен құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша отырысқа қатысты. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың идеологиялық жаңарулардың бағдары нақты белгіленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасына парламентшілердің назарын аударды. Осы бағдарлама бойынша, деді Төраға, Қазақстан мәдениеті халықаралық қоғамдастыққа БҰҰ-ның барлық тілінде, оның ішінде орыс тілінде де ұсынылатын болады.

«Біз Қазақстан әдебиетіндегі, кинематографиясындағы, драматургиясындағы ең үздік шығармалардың бүкіл әлемдегі, бірінші кезекте Еуразия кеңістігіндегі миллиондаған адамдардың жүрегінен орын алғанын қалаймыз. Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғырудың мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық тұжырымдамасы міндеттерімен үйлесетініне сенімдімін», – деді Қ.Тоқаев. Осыған байланысты Сенат басшысы ТМД мемлекеттерінің мәдени ықпалдастығы тұрғындар өмірінің сапасын арттырудағы маңызды мәселе, гуманитарлық даму міндеттерін іске асырудың кепілі және халықтардың рухани ерекшеліктерін сақтаудағы өзекті мәселелердің шешімі болуы тиіс екенін атап өтті.

11 сәуірде Астанада Ресейдің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның президентіне сенім грамотасын табыстады. Рәсім барысында қазақстандық көшбасшы Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталоны болып саналады және стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі ретінде қызмет етеді деп мәлімдеді. «Біздің тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында Еуразиялық экономикалық одақ интеграциялық бірлестігі табысты жұмыс істеп тұр», – деп атап өтті Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бағдар екі халықтың да барынша жоғары қолдауына ие болып отырғандығын баса айтты.

«Ресей Президенті Владимир Путинмен ізгі жеке байланыстарды жоғары бағалаймын. Таяудағы сайлауда оның жеңісі – бұл Ресей халқының елді одан ары гүлденуі, геосаяси рөлінің нығаюы жолындағы өз көшбасшының бағдарына деген ең жоғары кезекті бағасы, сонымен қатар оның еліне деген шексіз жан-тәнімен берілуі деп есептеймін. Қазақстан Ресеймен арадағы екіжақты форматтағы және халықаралық күнтәртіп аясындағы байланыстарын екі халықтың игілігі үшін кеңейте беруге ниетті», – деді Елбасы. 

11 сәуірде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Санкт-Петербургте қала Губернаторы  Георгий Полтавченкомен кездесті. Аталған шара барысында қос тараптың сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларына қарасты бірқатар келелі мәселелер қаралды. Атап атқанда, 2017 жылы Қазақстан мен Санкт-Петербург арасындағы тауар айналымы көрсеткіші бойынша 2016 жылмен салыстырғанда 14 пайызға өсіп, $826 млн. құрады. Осылайша Қазақстан ТМД елдері арасында сауда серіктестік қарым-қатынасы бойынша 2-ші орынды иеленіп отыр.

2017 жылы Санкт-Петербургтің Үкіметі Астана қаласының әкімдігімен 2017-2021 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық салалар бойынша арнайы бағдарлама жасасқан еді. Ал ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен 2017-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау, медицина және фармация  салалары бойынша Жол картасына қол қойылған. Бұдан басқа, еліміз бен Санкт-Петербургтің көптеген жоғарғы оқу орындары арасында да 135-ке жуық әртүрлі келісімдер жасалған. Бүгінгі күні аталған қаланың ЖОО-да 5,8 мың қазақстандық студент білім нәрімен сусындауда.

Айта кету керек, 2018 жылы Санкт-Петербург қаласында Астана күндері атап өтіледі. Осы шараның басты ерекшелігі – іскерлік қарым-қатынасы кеңесінің отырысы болмақ. Осы ретте, Георгий Полтавченко, қаланың Үкіметі осы шараның күнтізбесіне енген барлық шараға жан-жақты көмек көрсетілетінін қадап айтты.

4-5 сәуірде Астанада Қазақстан және Ресей сыртқы саяси ведомстволарының Саяси ынтымақтастық жоспарын іске асыру аясында екі ел Сыртқы істер министрліктері арасында саяси конультациялар өткізілді. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ресейлік делегацияны – Сыртқы істер министрінің орынбасары – статс-хатшысы Григорий Карасин басқарды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жағдайын және оларды дамыту келешегін, Орталық Азиядағы жағдайды, көпжақты қауымдастықтағы өзара әрекеттестікті, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті дамыту мәселелерін талқылады. Консультациялардың қорытындысында делегация басшылары Қазақстан мен Ресейдің мемлекетеаралық қатынастардың барлық салаларында өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, интеграциялық байланыстарды, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары атқарып отырған жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

4 сәуірде 2018 жылы Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов VII Халықаралық қауіпсіздік бойынша мәскеулік конференциясына қатысты. Оның шеңберінде өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті. ҚР Қорғанысмині басшысы екіжақты кездесу барысында әскери ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей келісімінің өзектілігін арттыру, сондай-ақ үшжылдық бірлескен әскери жоспарлауға көшу қажеттігі туралы мәлімдеді. "Әскери ынтымақтастық туралы келісім 1994 жылы жасалған еді. Сол уақыттан бері көптеген өзгерістер өтті, алдымызда XXI ғасыр. Сондықтан құжатты қазіргі заманның шындығына сәйкес келтіру ниетіміз бар. Оған не жазу, немен толықтыру керек екенін біз білеміз. Келісімді өзектендіру қажет", – деді Сәкен Жасұзақов.

Сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрі екі ел қорғаныс мекемелері бірлесіп шешіп жатқан әскери білім мәселелерінде «сезімтал жағдайлары бар». «Ақпараттандыру, киберқауіпсіздік, психологиялық операциялар мәселелері қазіргі уақытта өте маңызды. Осы салдағы сіздердің технологияларыңызды зерттеуге мүмкіндік алуымыз қажет», - деп мәлімдеді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Сондай-ақ Сәкен Жасұзақов кейіннен офицер бола отырып, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ортақ міндеттерді шешу жолында әскери қызметкерлер бірін бірі жақсы түсіну мақсатында әскери училищелердің курсанттарымен алмасуды ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу Сирия Араб Республикасындағы ахуалды реттеуде Қазақстанның қосқан үлесін Ресей тарапы жоғары бағалайтынын мәлімдеді. «Астана процессі өзінің тиімділігін дәлелдеп, Сириядағы қарама-қайшы тараптар арасындағы диалогтың маңызды бөлігіне айналды», - деп айтты ресейлік әскери ведомствоның басшысы. «Әскери саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігіне және Сізбен кездесуге шынайы қуаныштымын. Өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуда және тұрақтылықты сақтауда екі елдің міндеттері ортақ. Осыны ескере отырып, қорғаныс саласындағы әріптестікті жоспарға сәйкес дамытып келеміз», - деп атап өтті Ресей қорғанысминінің басшысы.

Армия генералы Сергей Шойгу өзара әрекеттесудің негізгі бағыттары ретінде жедел және әскери дайындық бойынша бірлескен іс-шараларды, түрлі жарыстарды, қарулы күштерді жанжақты қамтамасыз ету бойынша тәжірибемен алмасуды, Ресей мен Қазақстанның Әуе шабуылына қарсы қорғаныш Бірыңғай өңірлік жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық пен кадрларды даярлауды атап өтті.

29 наурызда 2018 жылы Астанада Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Спикер Кемероводағы апатта қаза болғандарға байланысты көңіл айтты. «Біз осы оқиғада құрбан болғандардың туыстары мен жақындарының орны толмас қайғылыларына ортақпыз», деді ол. Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдағанын айтты. Жүздесушілер Астана мен Мәскеу арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті. Оны алға жылжытуда мемлекет басшыларының рөлі зор екені айтылды. Қ.Тоқаев: «Біз В.Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануын Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қатынастары мен стратегиялық әріптестігін дамыту бағытының табысты жалғасатынына сенімді кепілдік ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті. Сенат Төрағасы екі елдің заң шығару органдарының өзара іс-қимылының келешегіне тоқталды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тығыз байланыстар парламентаралық үнқатысудың маңызды құралы болып қызмет етеді. Қ.Тоқаев биылғы 10-11 қазандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лилерлерінің VI Съезі туралы хабардар етіп, Ресейдің православ шіркеуі мен басқа да дәстүрлі діндердің жоғары өкілдерінің қатысатынына сенім білдірді. Қ.Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен А.Бородавкинді құттықтап, Ресей Елшісі жоғары лауазымында ол біздің елдер арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қомақты үлес қосатынына сенім білдірді.

29 наурызда 2018 жылы Санкт-Петерборда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев пен Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі – ҰҚШҰ Жауапты хатшысының орынбасары Виктор Рогалев қатысты. Сенатор Төлеубек Мұқашев «Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы 2018 жылғы төрағалық етуіндегі басымдықтары туралы» және «ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы қысқы сессиясының (Вена, 2018 жылғы 22-23 ақпан) қорытындылары туралы және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы жазғы сессиясының (Берлин, 2018 жылғы 7-11 шілде) алдын-ала күн тәртібі туралы» баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Виктор Рогалев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының 2018 жылы 18 наурызда өткен Ресей Федерациясындағы президент сайлауына халықаралық байқауға қатысуы жөніндегі қорытындылармен комиссия мүшелерін хабардар етті. Тұрақты комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Тұрақты комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін депутаттар мен шақырылғандар Кировск қаласына барып, Ленинградтың қоршаудан босатуға арналған шайқастар көріністерін көрді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына мүше мемлекеттердің жоғары заң шығару органдарының өкілдері адамзатты фашистік қатерден азат ету үшін қаза тапқан батырлар ескерткішіне тағзым етті.

26 наурызда 2018 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

19 наурызда 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді. Қазақстан Президенті сондай-ақ Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. 

15-19 наурызда 2018 жылы ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің 25 депутаттарынан құралған парламенттік делегация президенттік сайлауға (18 наурыз) халықаралық байқаушылар миссиясымен Ресейге (Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазар, Орынбор, Астрахан, Омбы, Қорған қалаларына) сапармен барды.

16 наурызда 2018 жылы Астанада Қазақстанның Басшысы Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесіне кепіл елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесті. Кездесуге Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф қатысты. Әңгімелесу барысында тараптар Астана алаңы форматында Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің нәтижелері мен перспективаларын талқылады.

7 наурызда 2018 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

26-27 ақпан 2018 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Д.Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің бірлескен отырысының қорытындылары туралы әңгімеледі. Сенатордың пікірінше, Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысымен қоса парламентаралық өзара іс-қимылдың осындай тетігі Еуразиялық ынтымақтастық жолында туындайтын нақты мәселелер мен кедергілерді жедел шешу үшін өте тиімді. В.Матвиенко екі елдің парламенттері жоғарғы палаталарының мүшелерін Қазақстан мен Ресей президенттерінің төрағалық етуімен жыл сайын өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына белсенді түрде атсалысуды ұсынды. Федерация Кеңесінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінде табысты төрағалық етуімен құттықтады және Д.Назарбаеваны биылғы қыркүйекте өтетін Еуразиялық әйелдер форумына қатысуға шақырды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту мен ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселелері талқыланды. Мәскеуге жұмыс бабындағы сапар барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесу болды. Еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылай келіп, Д.Назарбаева интеграциялық үдерістерді жария етудің жеткіліксіздігі жайында атап өтті. Сенатор ЕАЭО телевизиясын құру туралы ұсыныс айтты.

3 ақпан 2018 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.Екі ел көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен "Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі" атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

22 қаңтар 2018 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

12 қаңтар 2018 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровпен халықаралық деңгейде мемлекеттердің, нақтырақ, Бірікке Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі елдердің қарым-қатынасы жайлы пікір алмасты.

26-27 желтоқсан 2017 ж. Мәскеуде ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бейресми самиттің күн тәртібінде халықаралық және өңірлік маңыздағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ТМД аясындағы ынтымақтастықты нығайту жайы да әңгімеге арқау болды.

18-19 желтоқсан 2017 ж. Мәскеу қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов Кремльде өткен РФ Президенті В. Путиннің алқалы кездесуіне және ТМД елдерінің арнайы және қауіпсіздік қызмет басшыларының жиынына қатысты.

4 желтоқсан 2017 ж. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады.

4 желтоқсан 2017 ж. ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. Божко және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С. Қаныбеков РФ Мемлекеттік думасы ұйымдастырған " Парламентарийлер есірткіге қарсы" халықаралық ғылыми-тәжіриебелік конференция жұмысына қатысты. Сондай-ақ РФ Мемлекеттік думасының депутаттарымен бірнеше екіжақты кездесуге қатысты.

30 қараша -1 желтоқсан 2017ж. ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің Сочи қаласында өткен кездесуге қатысты.

27-28 қараша 2017 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай бастаған, құрамында Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Әбдірахман және Ассамблеяның тағы басқа өкілдері бар делегация Мәскеудегі жұмыс сапары барысында РФ Мемлекеттік думасындағы Ұлттар ісі бойынша Комитетінің төрағасы Ильдар Гильмутдиновпен кездесті. Кездесу барысында тараптар көршілес екі мемлекет арасындағы бірлесе жұмыс атқару, қоғамдық келісім және бірлік, азаматтық біртектілікті нығайтуды қамтамасыз ету жөніндегі өзекті сұрақтарды қарастырды.

27 қараша 2017 ж. Астанада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин және Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен кездесу өтті. Онда Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қатынасына 25 жыл толғаны және де екі ел стратегиялық серіктеске айналғаны айтылды.

24 қараша 2017 ж. Сочиде ҚР Сенат Парламенті төрағасының орынбасары С. Громов бастаған бір топ депутат 11 -ші ҚР Сенат Парламенті мен РФ Федералдық Федерация Жиналысы кеңесінің кездесуіне қатысты.

22-23 қараша 2017 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының бесінші кездесуіне қатысты.Іс-шара барысында делегациялар басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі қауіп-қатерлер тұрғысынан аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

9 қараша 2017ж ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Адам капиталын дамыту тақырыбына арналған форумға екі ел өңірлерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, сондай-ақ ғылым және білім саласының өкілдері қатысқан форум.

30 қазан 2017ж. Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай екі ел парламентшілерінің кездесуі өтті. Оған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысының Мемлекеттік думасының салалық комитеттерінің депутаттары қатысты.

12 қазан 2017ж. Сочи қ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев РФ Президенті В.В. Путинмен екіжақты кездесу өтті. Сол күні екі ел басшылары ФРГ іскер орталығы өкілдерімен кездесу өткізді.

10-12 қазан 2017 ж. Н.Ә. Назарбаев ТМД елдері басшыларының басқосуы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың жиынына қатысу үшін Сочиге келді.

12-14 қазан 2017ж. ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына және ОДКБ Парламент ассамблеясының жиынына қатысты.

13 қазан 2017 ж. ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық одақ ассамблеясының жиынында РФ Мемлекеттік Думасының Спикері В.Володинмен бірқатар мәселелерді талқылады.

6 қазан 2017 ж. Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің элиталы ЖОО бірі – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) түлектерімен кездесу өткізді. Оған Лавров пен Тоқаевтан басқа ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов, член Совета директоров компании ERG компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Патох Шодиев және Қазақстанның СІМ Қайрат Әбдірахманов та қатысты.

7 қазан 2017ж. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Н. Назарбаев В.Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

6 қазан 2017ж. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 25 жыл дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына орай ресми сапармен Астанаға келеді.

25 қыркүйек 2017ж. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ресей Президенті Қазақстан Президентін биылғы 14-15 қыркүйекте Сирияға қатысты алтыншы халықаралық кездесудің Астанада табысты өтуімен құттықтады.

14 тамыз 2017 ж. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

14 тамыз 2017 ж. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

14 тамыз 2017 ж. РФ министрлер кабинетінің Төрағасы Д.Медведев Үкімет басшыларының деңгейінде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті жиынына қатысу үшін Астанаға келді.

22 маусым ресейлік парламентарий Астанадағы «Экономиканы жаңғыртуды құқықтық қамтамасыз ету» халықаралық парламент конференциясына қатысты.

20-21 маусым Астанада ҚР мен РФ ҚК аппараттары арасында кезекті екіжақты кеңесі өткізілді.

8-9 маусым РФ Президенті В.Путин Астанадағы ШЫҰ саммитінің жұмысына және ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

25-26 мамыр ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңесі мен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақ қаласына барды.

25 мамыр ресейлік парламент делегациясы Астанада «ОА қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі парламент рөлі» дөңгелек үстеліне қатысты.

23-25 мамыр 2017 ж. Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов қауіпсіздік мәселелеріне жауапты Жоғары өкілдердің сегізінші халықаралық кездесуіне қатысты. (Тверь облысы, Завидово қ).

5-6 сәуір 2017 жылы Президент кеңесшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттердің ҚК хатшыларының жиналысын өткізді.

27-28 наурыз 2017 ж. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев Санкт-Петерборда ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының отырысына қатысты.4 және 18 наурыз 2017 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.В.Путиннің телефонмен сұхбаты өтті.

27 ақпан 2017 ж. Ресей Президенті В.В.Путиннің Қазақстанға (Алматы) іссапары орын алды.

28 қаңтар 2017 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин телефонмен сұхбаттасты.

19-20 қаңтар 2017 ж. Қазақстан СІМ-нің жаңа басшысы Қ.Қ.Әбдірахманов өзінің алғашқы шетелдік сапарын Ресейде өткізді.

16 қараша 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің телефонмен сұхбаты өтті.

4 қазан 2016 ж. екі мемлекеттің президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин Қазақстан және Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумының отырысына және Қазақстан-Ресей бизнес-форумы жұмысына қатысты.

16 тамыз 2016 ж. Сочи қаласында Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің кездесуі өтті.

12 тамыз 2016 ж. Сочи қаласында Қазақстан және Ресей премьер-министрлері К.Қ.Мәсімов пен Д.А.Медведевтің сұхбаттары орын алды.

13 шілде 2016 ж. Ресей Сыртқы істер министрі С.В.Лавров Астанада Каспий жағалауындағы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің мәжілісіне қатысты.

6 шілде 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің телефонмен сұхбаты өтті.

17 маусым 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің Петербург халықаралық экономикалық форумының шеңберінде кездесулері өтті.

31 мамыр 2016 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында кездесті.

8 мамыр 2016 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Мәскеуде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығына арналған естелік іс-шараларға қатысты.

8-9 мамыр 2015 ж. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары өтті, оның шеңберінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

9-10 шілде 2015 ж. Президент Н.Ә.Назарбаевтың БРИКС көшбасшыларының кездесуі және ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі шеңберіндегі іс-шараларға қатысу үшін Уфаға сапарлады.

16 қыркүйек 2015 ж. Қазақстан және Ресей президенттері Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин Сочиде XII Өңіраралық ынтымақтастық форумның аясында кездесті.

15 қазан 2015 ж. Ресей Президенті В.В.Путин Қазақстанға мемлекеттік сапарымен барды.

20-22 желтоқсан 2015 ж. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарына қатысу үшін Мәскеуге сапарлады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер