Отан қорғаушы күніне арналған құттықтау мәтiнi

logo_r

ukash türkiye |

Отан қорғаушы күніне арналған құттықтау мәтiнi

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі барша қазақстандық ер азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтайды!

Бұл мейрам еліміз үшін ата-бабамыздың ерлік даңқын паш ететін және ұрпақтар сабақтастығының символына айналған жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бүгінде аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен батырлыққа өрілген жолын қазақстандық жауынгер жастарымыз абыроймен жалғастыруда. Олар Отанға қалтқысыз қызмет ету мен оны ерлікпен қоғауды басты қағида ретінде ұстанады.

Бұл мерекенің өзімізді тануда да маңызы зор. Өйткені, бәріміз Отан қорғаушымыз. Бізді біріктіретін бір ортақ қасиет бар. Ол туған жерге, туған елге деген зор сүйіспеншілік! Біз халқымыздың бейбіт өмірге деген құлшынысы мен төзімділігін мақтан етеміз.

Қай кезде болмасын қазақстандықтар өз үйін, отбасын, туған жері мен мемлекетін қорғауға әркез дайын. Өткен тарихымызда халқымыз елін, жерін қорғау үшін жауға қарсы тұрды. Ата-бабаларымыздан жалғасқан ерлік пен батырлықтың, даналықтың арқасында бүгінде біз тәуелсіз ел ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты көз қарашығындай сақтаймыз.

Сіздерге дендеріңізге саулық, бастаған әрбір істеріңізге сәттілік, тәуелсіз еліміздің кемел келешегі үшін жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!

MIDpravitelstvoposlanie20140117