Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған 100 және 101-атқыштар бригадалары жауынгерлерінің тізімі жасалуда
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Ақтөбе облысы әкімдігімен бірлесіп, соғыс жылдарында 100 және 101-атқыштар бригадалары сапында болған қазақстандық жауынгерлерге Ржев қаласында ескерткіш орнату жұмыстарын жүргізуде.
Қазір Елшілік Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Подольск қаласындағы Орталық мұрағатының ақпараттары бойынша 1941 жылы Алматы және Ақтөбе қалаларында құрылған 100 және 101-атқыштар бригадалары жауынгерлерінің жеке тізімін нақтылауда.
Бүгінге дейін тізімге 2730 адамның аты-жөні жазылды. Осыған байланысты мүдделі адамдардан аталған жобаға атсалысып, жауынгерлер тізімін толықтыруға көмектесуді сұраймыз. Бұл үшін өзіңізге мәлім деректерді, атап айтқанда, әскери қызметшілердің аты-жөнін, олардың әскери қызметке шақырылған уақыты мен мекен-жайын, сондай-ақ, өзіңіз туралы мәліметтерді memory@kazembassy.ru электрондық адресіне жіберуді сұраймыз.
Мәңгі есте қалдыру үшін қаһарман жауынгерлер есімі Ржев қаласындағы осы ескерткіштің гранит тақтасына жазылатын болады.
Ескерткішті үстіміздегі жылдың күз айларында ашу жоспарлануда.
Памяти героев: формирование списков воинов 100-й и 101-й стрелковых бригад
В год празднования 65-летия Великой Победы Посольство Республики Казахстан в Российской Федерации совместно с акиматом Актюбинской области ведет работу по сооружению памятника воинам-казахстанцам 100-й и 101-й стрелковых бригад в г.Ржеве.
В настоящее время Посольство составляет списки бойцов 100-й и 101-й отдельных стрелковых бригад, сформированных в 1941г. в Алма-Ате и Актюбинске, на основе материалов Центрального архива Министерства обороны России в г.Подольске.
На сегодняшний день в список занесено 2730 фамилий (список прилагается). В связи с этим просим заинтересованных лиц принять участие в данном проекте и внести дополнения и предложения в представленный список, а в случае необходимости скорректировать написание фамилий и имен, других личных данных в имеющиеся списки. Письма с указанием ФИО военнослужащего, места и даты его призыва, а также со своими контактными данными присылайте на электронный адрес: memory@kazembassy.ru.
Фамилии погибших бойцов будут увековечены на гранитных плитах памятника воинам-казахстанцам 100-й и 101-й стрелковых бригад, который планируется открыть осенью этого года в г.Ржеве.
1) Список погибших воинов 100-й стрелковой бригады.
2) Список погибших воинов 101-й стрелковой бригады.
|