Мәскеу ғылыми зиялы қауым өкілдері Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды талқылады


logo_r_kz
ukash türkiye |

Мәскеу ғылыми зиялы қауым өкілдері Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды талқылады

14 наурызда Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің Резиденциясында Мәскеу ғылыми зиялы қауым өкілдері және қазақстандық студенттер активімен конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Кездесуді аша отырып, РФ-дағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Дәурен Дияров билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу бойынша саяси реформаны және Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстанның Үшінші жаңғыртылуының басталу туралы халқына жолдауды, мемлекеттің экономикалық және саяси өміріне ұзақ жылдар бойы әсер ететін тарихи ауқымдағы оқиға деп атады. Оның айтуынша, конституциялық реформа одан әрі тиімді, тұрақты және қазіргі заманға сай билік және мемлекеттік басқару жүйесін құруына бағытталған, ал Жолдауында тұрақты экономикалық өсуін және 30 озық елдердің қатарына кіруді қамтамасыз ету бойынша бес негізгі басымдықтары айқындалды.

О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының Бірінші проректоы, заң ғылымдарының докторы Елена Грачева конституциялық түзетулерді бүкілхалықтық талқылау барысында 6000-нан астам ұсыныстар келіп түскенін атап өтті. "Бұл қоғамның өзгерістердің тереңдігін түсінетіндігін, билік бастамаларымен ынтымақтас және халық дауысы естілетінін түсінігін көрсетеді", - деді ол. Оның пікірінше, Конституцияға түзетулер билік жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, олар елдегі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен іргетасына негізделеді.

РФ Үкіметі жанындағы заңнама және салыстырмалы құқықтану Институтының жария-құқықтық зерттеулер орталығының меңгерушісі Юрий Тихомиров Қазақстанда конституциялық реформаны өте шебер саяси қадам атап өтіп, сонымен бірге оңтүстік көршісінің заңнамалық жаңалықтарға қарауына шақырды.

Онымен М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің заң факультетінің конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының меңгерушісі Сурен Авакьян келісті. Қазақстандық табысты жаңалықтар арасында парламенттік үкімет мүшелерінің есептерін тыңдау практикасын, депутаттық корпустың оларды қызметтен босату бастама құқығын, Қазақстан Конституциялық кеңесінің заң жобасы бойынша алдын ала сараптамалық баға беру құқығы, сондай-ақ тілдік мәселесінің саналы және есепті шешімі деп атап өтті.

Қазақстанда көптеген игі ойлар жүзеге асырылды, сонымен қатар жүйесі үнемі жетілдірілуде, деп түйіндеді ғалым.

Жоғары экономика мектебінің пәнаралық зерттеулер орталығының директоры Владимир Королев конституциялық реформаны дұрыс қадам деп есептейді, атап айтқанда, үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды бекіту бойынша өкілеттіктерін мен қаржыландырудың бірыңғай жүйесін береді. "Енді Президент құжаттарды үйлестіретін болады, бекітудің орнына", – деді ол. Бұл дегеніміз, Үкімет экономикалық дамуына толығымен жауапты болады. Сарапшы Қазақстанда парламент рөлінің күшейтуі саяси жүйенің демократияландыруының куәлігі ретінде есептейді.

РФ СІМ Дипломатиялық академиясының жария құқық кафедрасының доценті Тимур Акчурин байқаған, Қазақстан посткеңестік кеңістікте түрлі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды сынап көру бойынша, кейін басқа елдерімен қызметке алынатын тәжірибе нәтижелерінің тұңғыш жол салушы болып табылады."Қазақстан президенті толерантты және сауатты саясаткердің өнегелі үлгісі, нағыз көшбасшы, күрделі саяси жағдайларды алдын ала және бейбіт жолмен шешуіне қабілетті ", – деп атап өтті ол. Оның пікірінше, Қазақстан басшылығы қайта озық жолын тапты.

Кездесуге қатысушылар гуманитарлық жоғары оқу орындарының қазақстандық аспиранттар, магистранттар және студенттер, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын, сондай-ақ Қазақстанның дамуы үшін саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтіп, ол елдің жаһандық экономикалық және саяси тұрақсыздық кезеңінде әр түрлі сынақтардан сенімді түрде өтуге мүмкіндігін береді. Студенттер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары арқасында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, шетелде сапалы білім алу үшін жеке өзіне шынайы ризашылықтарын білдіріп, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді табысты іске асыру үшін үлес қосуына дайын екендіктерін айтты.

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz