Ресейдегі отандастар


logo_r_kz
ukash türkiye |

Ресейдегі отандастар

Бүкілресейлік санақ мәліметтеріне сәйкес (2010 ж.), Ресейдегі қазақтар саны (21облыс және аймағы бойынша) 647 732 адам құрайды (жалпы халық санының 0,65 пайызы). Басқа ақпараттар бойынша, қазақтар саны 800 мыңнан 1,5 млн. адамға дейін жетеді. Мәскеу және мәскеулік аймақта 13 мың адам шамасында тіркелген. Қазақтардың шоғырланған аймақтарына ҚР шекарлас: Астрахан (149 мың), Орынбор (78 мың), Саратов (76 мың), Волгоград (76 мың), Челябинск (35 мың), Тюмень (19 мың) кіреді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы тарапынан, шетелдегі отандастарымыздың топтарына (оның ішінде, Ресей аумағында орналасқан), тиісті мәдени-гуманитарлық және практикалық қолдау көрсетіледі. ҚР мен РФ арасындағы шекарааралық мәдени байланыстары белсенді дамуда. Ресейдегі отандастарымыз, өздерінің өзекті мәселелерін талқылау үшін үлкен және кіші құрылтайлар өткізеді. Өз кезегінде, аталмыш жиындар жақсы дискуссиялық алаңға айналып, тиімді қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін береді.

Ресейлік аймақтар мен қалаларында 50 шамасында қазақ мәдени-ұлттық және қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Олармен жүргізілетін жұмыстар барысында ана тілді, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтап қалу мәселелері қамтылады.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі, Бас Консулдықтары мен Консулдықтары тарапынан отандастардың қоғамдық ұйымдарымен конструктивті қарым-қатынас ретке келтірілген және мәдени-гуманитарлық салада бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Дипломатиялық өкілдіктер мен отандастардың өзара әрекеттесуін нығайту мақсатында жыл сайынғы кездесулер өткізіледі. Бірлесіп ұйымдастырылатын жобаларды талқылау және пайда болған сұрақтарды шешу үшін 1 айда бір рет Интернет-конференциялар өткізіледі.

1. Ресейдегі отандастармен жұмыс бойынша Елшіліктің жауапты қызметкерлерінің тізімі;

2. Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдарының тізімі;

3. 2016 жылдың бірінші жартысында Елшілік пен Ресейдегі отандастармен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар;

4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат;

5. Анонс.

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz