Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов "Каспий диалогы" форумына қатысты


logo_r_kz
ukash türkiye |

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов "Каспий диалогы" форумына қатысты

Бүгін, 14 сәуірде Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықараалық қатынастар институтында "Каспий диалогы-2017" экономикалық форумы өтті.

Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, Форумды өткізудің он жылдық тарихы бұл тек әлемдік немесе аймақтық геосаяси және әскери-саяси мүдделердің ұштасуы ғана емес, сонымен қатар Шығыс пен Батысты жалғайтын Ұлы Жібек жолы құрлықаралық бағыттар түйісетін маңызды хаб екендігін атап өтті. Мұнда ғаламның ауқымды табиғи және биологиялық байлығы жинақталған.

"Біздің ортақ мақсатымыз – Каспий теңізінің бай ресурстық әлеуетін тиімді игеру, оның ерекше экожүйесін дамыту және болашақ ұрпақ үшін сақтауды қамтамасыз ету", – деп атап өтті Елші.

"Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенцияның негізінде тұтас құқықтық-келісімдер базасын құру маңызды мәселе ретінде сақталып отыр", – деді Иманғали Тасмағамбетов.

Өз кезегінде, РФ Президентінің Ресей мен ТМД елдері арасындағы шекараны делимитациялау мен демаркациялау сұрақтары бойынша тең төрағасы, РФ СІМ арнайы тапсырмалары бойынша елшісі Игорь Братчиков, Каспий теңізінің құқықтық дәрежесін айғақтайтын Конвенция бітуге жақын екенін мәлім етті.

Сондай-ақ ол, 2014 жылы Астраханда өткен 4-ші Каспий саммитінде каспий елдерінің басшылары айтарлықтай бір мәмілеге келгендігін және соның арқасында Каспий теңізі Конвенциясының сұлбасы қаланғанын ерекше атап өтті. Елшінің айтуынша, ол кезде қойылған талап та нақты болатын. Өткені онда келер саммитке дейін осы құжат толығымен аяқталуы шарт делінген еді.

Форумға ТМД және Каспий маңы елдерінің мемлекеттік орган өкілдері, РФ Федералдық жиналысының депутаттары, шетелдік елшілер, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Форум қатысушылары көмірсулар мен минералды шикізаттарды өндіру және оны шетел нарығына тасымалдауды ұйымдастыру саласында ынтымақтасу формаларын дамыту, экология, электроэнергия, көлік инфрақұрылымының құрылысы, химиялық өнеркәсіп, машина құрастыру, металлургия, қаржы секторы, сақтандыру және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерінталқылады.

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz