РФ Президенті В.Путин ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевты "Құрмет" орденімен марапаттады


logo_r_kz
ukash türkiye |

РФ Президенті В.Путин ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевты "Құрмет" орденімен марапаттады

Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрмет орденімен марапатталды.

"Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы – Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Құрмет орденімен марапатталсын",  – делінген құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланған құжатта.

Осы жарлықпен ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов Достық орденімен марапатталды.

Мәдениет пен өнер саласындағы қызметі, РФ мен ҚР халықтары мәдениеттерін жақындатуға, өзара байытуға қосқан үлесі үшін "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес қоғамының опералық труппасының бас концертмейстері Елена Сахно "Пушкин" медалімен марапатталды.

ҚазАқпарат

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz