Ресейлік мамандары Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінің трансформация мәселелерін талқылады


logo_r_kz
ukash türkiye |

Ресейлік мамандары Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінің трансформация мәселелерін талқылады

Ү.ж. 22 ақпанда Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастырылуымен "Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыртуы: болашаққа көзқарас" атты дөңгелек үстел өтті.

Оның іс-жұмысына Орталық Азия және Қазақстан бойынша көрнекті ресейлік сарапшылар мен талдаушылары қатысты. Іс-шараның негізгі тақырыбы Президент Н.А.Назарбаевтың 2017 жылдың 25 қаңтардағы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша және 2017 жылдың 31-қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдаулар ережелерінің тәжірибелік іске асыру мәселелері болды.

Дөңгелек үстел ашылуында Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің Кеңесші-уәкілдері Марат Сыздықов пен Болат Иманбаев сөз сөйледі. Олардың айтуынша, 2017 жылдың басы Қазақстанның саяси және экономикалық өміріндегі маңызды кезең еді. Екі құжат – Үндеу мен Жолдау – бір-бірін толықтырады және елдің ұзақ мерзімді мақсаттарына қызмет етеді. Қазақстандық дипломаттары Орталық Азиядағы өтіп жатқан процестерге қызығушылықтың өсуін атап өтіп, осыған орай өңірге Ресей президенті Владимир Путиннің алдағы сапары туралы баяндады.

Өз баяндамасында Еуразиялық қауымдастығының кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың экономикалық ынтымақтастық президенті Игорь Филькевич, ол "қоғамды демократияландыру жолында жаңа кезеңді білдіреді, өйткені халықтың ерік білдіруі және саяси басқарушы күші парламент арқылы жүргізіледі" демекші, Жолдау маңызды құжат болып табылатынын айтты. Ол Жолдаудың басым бағыттары арасынан бизнесті, ШОБ, ауыл шаруашылықты және білімді нақты қолдауын атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан көлік-логистикалық дамуды табысты дамыту үшін еуразиялық интеграция артықшылықтарымен пайдалануы тиіс. "Қазақстан жолдарымен өткен кезде, өзгерістер қалай өтетінін көруге болады", – деп аяқтады И.Филькевич.

Еуразиялық экономикалық комиссиясының қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян жастар саясатын, білім, ШОБ және МЖӘ қолдауды, қор нарығын дамытуды Жолдауында қойылған міндеттерді табыспен іске асырудың негізгі аспектілері ретінде бағалады. "ЕАЭҚ мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарды үйлестіру жоспарлары аясында Жолдаудың іске асырылуын көруге қызықты болады",– деді Т.Давтян.

Оның орынбасары Бембя Хулхачиев Жолдаудың Қазақстан халқына бағытталғаны ғана емес, сонымен қатар ЕАЭҚ-тың барлық елдер үшін қызығушылықты тудыратынын айтты. Ол үш маңызды жаңалыққа ие: Жолдауда кәсіпкерлікті дамытуының жолы толығымен жазылған және оны қолдау үшін "ұзын ақша", өңірдің экономикалық дамуына байланысты әрбір әкімнің өз бағдарламасы болуы керек және ол үшін жауапты болады. Ал үшінші, Ұлттық Банктің үкіметімен бірге макроэкономикалық көрсеткіштері үшін жауапты болған кезде. Ол қор нарығының дамуы және салық саясатының анық болуы бизнес- қауымдастығы үшін маңызды екенін атады.

РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметі Ресей академиясының проректоры Андрей Марголин, Қазақстан Президенті өршіл мақсаттар қойғанымен бірге олардың іске асыру үшін нақты механизмдерді ұсынатынын атап өтті. "Жолдаудың бар бес басымдықтары өзара байланысты және логикалық үйлесімді. Мысалы, сандық Қазақстан және адами ресурстары – жеке бөлек өмір сүре алмайды", – дейді талдаушы. Ол қатысушылар назарын шикізаттық емес секторын екі есе ұлғайту міндетіне , оның экспорты бойынша мүмкіндіктеріне, аграрлық секторды дамыту және Қазақстанда Жасалған бренд құруына аударды .

"Елдің қаржы жүйесінің, адам капиталының нығайтуы, білім беру деңгейдің көтерілуін Президент болжағаны маңызды болып табылады", – деп атап өтті сарапшы. Оның пікірінше, ұзақ мерзімді ақша мен жобалар қысқа мерзімді пайдасы алдында басымдыққа ие болуы тиіс, сол себепті Қазақстан Президенті кәсіпкерлерді өз дамуына жұмыс істеуіне шақырады.

РҒА экономика Институтының посткеңестік зерттеулер Орталығының жетекші ғылыми қызметкері Аза Мигранян Жолдауды жүзеге асыру барысында Қазақстанда толық циклды өндірістерді құру маңызды деп санайды. Оның пікірінше, ЭЫДҰ критерийлеріне ұмтылу және оған қол жеткізу үшін Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін басщылыққа алуды дұрыс деп санайды. Ол еңбек өнімділігін арттыру қажет деп санайды, "бұл жолда Қазақстанға Еуразиялық ықпалдастығы және индустриялық ынтымақтастығы көмектесе алады".

РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің әлеуметтану және саясаттану факультетінің деканы Александр Шатилов Қазақстан Президентінің Жолдауы билік бөлінісін талап ететін ел дамуының жаңа кезеңі болып табылатындығын өз баяндамасында атап өтті. Бұл, оның айтуынша, Қазақстанда саяси биліктің кемелдігін көрсетеді. "Президент Назарбаев елдің жаңғырту процесіне саяси элитасын тартуын қалайтынын, оң тұрғыдан оның тағдыры үшін жауапкершілікті бөлу", – А.Шатилов дейді. Ол орталық және өңірлік деңгейлерде кадрлық резервті құруы, міндеттердің іске асырылуына және еліміздің жаңғыртуына үлкен әсер тигізетінін атап өтті.

ММУ Ақпараттық – талдау орталығының бас директоры Сергей Рекеда, Қазақстанның қазіргі даму моделі өзінің шегіне жетуінің себебінен өзінің алдағы даму жолдарын іздестіруде, деген көзқараста. Оның айтуынша, экономика бірінші кезекте болған заман аяқталып, қазіргі таңда олар қол ұстасып жүруде. Бұл тұрғыдан қоғамда саяси жүйесін өзгертуіне және жаңа, неғұрлым икемді моделін құруына қажеттілік туып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы қоғамдық пікірге және сыртқы сындарға жауаптың бірі болып табылады.

С.Рекеда айтуынша, "Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында қамтылған ойлар, Ресейде де сұранысқа ие болуы мүмкін". Ол Орталықтың және өңірлердің арасындағы өзара әрекеттестік үлгілерді өзгертуін мысал ретінде келтірді. Қазақстанның тәжірибесі қазіргі саяси жүйелерді, экономиканың бірегей құрылымын ескере отырып, Мәскеу үшін маңызды болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, Жолдау ережелерін жүзеге асыру бойынша қозғаушы күші, қазіргі 25 жастағы жас адамдар болады.

Еуразиялық іскерлік кеңесінің халықаралық ынтымақтастық және интеграция жөніндегі комитетінің төрағасы Антон Акимов Жолдау аясында Қазақстанның экспорттық саясатының жаңартуына назар аударды. Ол Қазақстанды осы салада ЕАЭҚ – тың басқа елдерімен жұмысын біріктіруге шақырды.

"Евразия.Эксперт" порталының бас редакторы Вячеслав Сутырин Қазақстан Президентінің Жолдауында интеграциялық тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда ол сараптама қоғамдастықта ЕАЭҚ ішінде өсуі мен акцентті сыртқы шарасына ауысу қажеттілігі мәселелерді талқылау жөнінде мәлімдеді В.Сутырин ЕАЭҚ елдерінің ортақ басымдық экспорттық саясатты әзірлеуді өзекті мәселе ретінде қарастырады. Ол Еуразиялық ТҰК құру идеясы туралы айтып, оның қызметі көмірсутек химиясы, ауыл шаруашылық химиясы, ақпараттық технологиялар мен логистиканы қамтуы мүмкін. Оның айтуынша, Еуразиялық ТҰК – ға кейінгі кезеңде қытай серіктестерін де қосуға болады.

РҒА экономика Институтының посткеңестік зерттеулер Орталығы секторының меңгерушісі Артем Пылин, Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мерзімді және толыққанды құжаты болып табылатынын айтты. Осындағы сандық технологиялардың дамуы мен экономиканың дәстүрлі салаларын жаңғартуы ерекше мәнге ие. Ал экономиканың шикізаттық емес секторларын қолдау тұрғысынан А.Пылин үш тәсілді ұсынды,  "Саналы түрде ұстанған кезде Қазақстан табысты дамып кетуі мүмкін": жаһандық  – тікелей шетелдік инвестициялар тарту және ТҰК, қосылған құнның ғаламдық тізбегіне тартуымен, Өңірлік – Еуразиялық экономикалық интеграция мүмкіндіктерін пайдаланып және Ресей мен Қытай көрші экономикаларының нарықтарына қол жеткізу. Қазақстан ЕАЭҚ елдері арасында ең үздік инвестициялық климатына ие болғанымен Еуразиялық экономикалық одағы үшін сыртқы терезе ретінде көрінуі мүмкін.

Сарапшының Жолдауды жүзеге асыру аясында Қазақстан ерекшелігін, оның ішінде ішкі нарық сыйымдылығының төмендігін, халықтың тығыздығының төмендігін, географиялық ерекшеліктері мен инфрақұрылымның дамуын есепке алуға қажет деп есептейді. Осыған орай өндіріс құруы нақты нарықтарға байласнысты болуы жөн.

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz