Мәскеу қаласында Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізу бойынша брифинг өтті


logo_r_kz
ukash türkiye |

Мәскеу қаласында Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізу бойынша брифинг өтті

2017 жылғы 2 ақпанда Мәскеу қаласында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастыруымен Қазақстанда жарияланған ауқымды саяси және экономикалық реформалар мәселелері бойынша брифинг өтті.

Қазақстанның Ресейдегі Уақытша сенімді өкілі Марат Сыздықов және Елшіліктің Кеңесші-уәкілі Болат Иманбаев Қазақстан Президентінің 2017 жылдың 25 қаңтардағы билік тармақтардың арасындағы өкілеттілігін қайта бөлу бойынша арнайы сөзінің және 2017 жылдың 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа жолдаудың негізі қағидаларымен журналистерді таныстырды.

Осы жылы, Қазақстан өзіне маңызды және мазмұнды талап қойғанын М.Сыздықов айтып өтті: 1 қаңтарыдан бастап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне енеді, Сирия мәселені шешу жөнінде Астанада келіссөздер ұйымдастырды. Қаңтар айының соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтардың арасындағы өкілеттілігін қайта бөлу мен саяси жүйесін демократияландыру негізінде елде демократиялық реформаларды одан әрі тереңдету жоспарын жариялады. Ол 2015 жылдың наурыз айында Қазақстан көшбасшысының айтылған бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруының ажырамас бөлігі болып табылады басып өтті.

Конституциялық және заңнамалық өзгерістер нәтижелерімен БАҚ өкілдерін хабардар етіп, аталған реформа Қазақстанды замануи сынақтарға дайындайтынын Қазақстандық дипломат атап өтті. Айтып кеткенде, Мемлекет басшысының құзырына мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынаста жоғарғы төреші рөлі және стратегиялық функцияларды қамтиды. Президент сондай-ақ сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелеріне назар аударады.

М.Сыздықов ағымдағы Президенттің шамасымен қырықтай өкілеттілік бөлігі Үкімет пен Парламентке беріледі, ол олардың жауапкершілігі мен тиімділігін, рөлін арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретін екенін атап өтті. Оларды табыстауы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және тиісті заңдар қабылдау арқылы қол жеткізілетін болады. ҚР Президенті өзінің өкілеттігінің үлкен бөлігін беру, тек жалғыз мақсатты көздеуде - демократиялық даму жолында тиімдірек, тұрлаулы, осы заманға сай басқару жүйесін қалыптастыру.

Өз кезегінде, Б.Иманбаев Президентің Жолдауында жариялаған Қазақстанның экономикалық жаңартуының үшінші кезеңін түсіндіруіне көңіл бөлді. Ол ширек ғасыр ішінде екі жаңарту жүргізу арқасында нарықтық экономика қағидаттарына негізделген жаңа мемлекет құрылып және Қазақстанның барынша бәсекеге жарамды 50 елдің қатарына кіргенін атап өтті.

Б.Иманбаев қатысушыларды Қазақстанның экономикалық өсуін орташа көрсеткіштен жоғары, және 30 жетекші елдердің арасында тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін бес негізгі басымдықтарына назар аударды. Бұл экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңарту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адам капиталының сапасын арттыру, институционалдық өзгерту, сондай-ақ қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Өз сөзінде, қазақстандық дипломат технологиялық инновациялық және сандық технологиялар негізінде жаңа өндірістерді құру жаңа экономикалық бағдарламаның маңызды аспектілері болып табылатынын айтты. Қазақстан жаңа индустрияларды құруымен қатар негізгі дәстүрлі салаларды дамытуына екпін жасайды: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, құрылыс саласында және т.б. Осыған орай, «Қазақстан Ұлттық технологиялық бастамашылығы» атты 2025 жылға дейін стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді Үкіметке тапсырылды. Қорытындысында, Б.Иманбаевтың пікірінще Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы ағымдағы сын-қатерлер және жаһандық технологиялық өзгерістерге елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты тетіктеріне ие болу үшін қисынды жауап.

Соңында қазақстандық дипломаттар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz