ҚР және РФ Премьер-Министрінің Бірінші орынбасардың кездесу болып өтті


logo_r_kz
ukash türkiye |

ҚР және РФ Премьер-Министрінің Бірінші орынбасардың кездесу болып өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесу өткізді.

Аталған кездесу РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өтті.

ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов екі жақты серіктестік, оның ішінде отын-энергетикалық кешен, өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік саласындағы мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-на енуі кезінде қабылдаған міндеттемелері, және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың келісім базасына имплементациясы талқыланды.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты күшейтуге зор әлеуетті атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz