Астанда фортепианолық музыка апталығы басталды


logo_r_kz
ukash türkiye |

Астанда фортепианолық музыка апталығы басталды

Ертең Қазақстанның астанасында бірегей фортепианолық музыка апталығы басталады. 22-28 сәуір аралығында Астана қаласының үздік концерттік алаңдарында "Astana Piano Passion" Төртінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы іс-шарасы өтеді.

Рояльді ерекше меңгерген, басты айналдыратын джазды импровизация, ырғақ пен үйлесімділіктің бірегей үндестігі, кездейсоқ және күтпеген өнер көрсетулер! Осының барлығы Сіздерді 22 сәуірде 18:00-де  "Астана Опера" театрының сахнасында "Astana Piano Passion" Төртінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауының салтанатты ашылу рәсімінде күтеді!

Қазақстанның астанасында әлемдік деңгейдегі үздік музыканттардың кездесулері бірінші рет болып отырған жоқ. Осы жылдарда фестивальге Ресей, Украина, Швеция, Польша, Грузия, Франция, АҚШ, Ирландия, Бразилия, Израиль, Ұлыбритания, Швейцариядан қонақтар мен қатысушылары қатысты.

Астаналық фестивальдің бағдарламасы ерекше: бір жағынан, ол әдеттегідей алпауыт музыканттардың атымен ерекшеленсе, бір жағынан, ерекше дарынды және атақты музыканттармен бір сахнада лайықты өнер көрсететін, жарқараған жас музыканттар буынының өнерлерімен қанық болмақшы.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев "Астана Опера" театрының симфониялық оркестрімен бірге, С.Рахманиновтың фортепианомен оркестрге арналған №3 концертін орындайды. Дирижерлік пультта Абзал Мұхитдинов. Сондай-ақ, сахнада “Astana Piano Passion” Үшінші Халықаралық жас пианистер байқауының бірінші сыйлық лауреаты Симон Каракулиди (Ресей) өнер көрсетеді. Ол С.Проковьевтің фортепианомен оркестрге арналған №1 концертін орындайтын болады. Дирижері – Ержан Дәуітов.

Естеріңізге саламыз, "Astana Piano Passion" жас пианистер байқауы Қазақстанның астанасында төртінші рет өткізіліп отыр және бұл байқау жас дарындарды қолдауға бағытталған. Жас пианистер байқауының жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлыққа ие болады. Байқаудың жалпы сыйлық қоры 60 000 АҚШ долларын құрайды.

Байқауды ұйымдастырушылар – ҚР мәдениет Министрлігі және Астана қаласының әкімдігі, Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев пен Мәскеулік филармонияның қолдауымен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры.

Жіберіп алмаңыздар! Ең талғампаз жұртшылық үздік музыканттардың орындауында үздік шығармаларды тыңдауға мүмкіндік алады!

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz