Мәскеуде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов туралы қолжазба түпнұсқасы басылымының тұсаукесері өтті


logo_r_kz
ukash türkiye |

Мәскеуде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов туралы қолжазба түпнұсқасы басылымының тұсаукесері өтті

15 ақпан күні Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиетінің орталығында "Кенесары Қасымов: тұлға, тағдыр, дәуір" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара тарих ғылымдарының докторы, әлеуметтік ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат Институты (ӘҒБҒАИ РҒА) директорының міндетін атқарушы Илья Зайцевпен дайындалған "Кенесары Қасымов және Садық Кенесаринның тарихы" ("Насаб-наме-йи сұлтан Садық" – "Сұлтан Садықтың тұқымы") Ахмет Кенесаринның қолжазбалардың факсимильді басылымның жарыққа шығуына арналды.

Бірегей қолжазбасы аты аңызға айналған ұлы қазақ билеушісі Кенесары Қасымов және оның Садық ұлының іс-әрекеттері туралы естеліктері Қазақстан Елшілігінің және Әлеуметтік жобалар қоры "Самұрық-Қазына Trust" қолдауымен Мәскеуде жарияланған.

Ахмет Кенесаринның өз әкесі Кенесары хан мен Садық сұлтаны туралы хикаясы Орыс географиялық қоғамның Түркістан бөлімінің мүшесі E.T.Смирновпен аударылған және дерлік 130 жыл бұрын жарық көрді – 1889 жылы Ташкентте. Алайда, бастапқы қолжазбаның тағдыры жайлы ұзақ уақыт бойы ешқандай ақпарат болмаған. Осы жылдар бойы құжат Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи мұражайының жазба көздері бөлімінде сақталып, Ресей тарихшысы Илья Зайцевпен табылған еді. Қолжазба қазақ тілінде араб жазу таңбаларымен жазылған. Бұл табыс қазақстандық шығыстанушы ғалымдар үшін маңызды оқиға болып табылады, және оның жариялауы – қазақ тарихының жаңа беттерін ашу бойынша ауқымды жұмыстың жалғасы болып табылады.

Тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Уақытша Сенімді өкілі Марат Сыздықов құттықтау сөзді бастады. Ол өз халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылық, оның болашақта мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыратынын атап өтті. М.Сыздықов президенттік бағдарламасы "Мәдени мұра" аясында қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңарту және ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту бойынша Қазақстанда және шетелде ауқымды жұмыстың жүргізілгені туралы айтты. Осыған орай, дипломат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін еске салды: "Біздің елімізде Египет Пирамидалар мен Рим Колизейі болған емес, бірақ Қазақстан аумағында ежелгі заманда өмір сүрген, көшпенділердің ролі, Еуразия үшін ғана емес, бүкіл әлемдік тарихы үшін баға жетпес болып табылады".

Мемлекеттік тарихи мұражай директорының орынбасары Андрей Яновский ұсынылған кітап тек қазақ халқының тарихында өте қызықты кезеңі туралы ғана емес, көрнекті тұлғалары Кенесары хан және оның ұлдарының өмірлері туралы жаңа нақтылықтары, сонымен қатар Хиуа хандығы, Бұқара әмірлігі мен Қоқан хандықтары тарихымен байланысты бұл кезең оқиғаларының тарихи көрінісін кеңейтеді. А.Яновский айтуынша, осы жылдар бойы қолжазба Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи мұражайының жазба көздері бөлімінде Сырдария облысының әскери губернаторы (1883-1892 жылдары) Николай Гродеков жеке қорында сақталған еді. "Құндлығы жағынан ғажайып құжат протографты көз алдына алуға мүмкіндік беретін, аударманың түпнұсқасылықты салыстыруына қол жеткізетін, сондай-ақ қолжазба өзімен қалай көрінетінін, әрбір зерттеушіге қажетті мәліметтерді нақтылау. Бұл шынайы, шын және шағын мөлшеріне қарамастан, өте құнды ғылыми зерттеулер, шығыс әдебиеті мен Орталық Азия елдерімен Ресей қарым-қатынастарының тарихын зерттеуге елеулі үлес қосуда", – деп атап өтті A.Яновский.

Басылым авторы Илья Зайцев кітап туындысының пайда болу тарихын айтып берді. Ол А.Кенесаринның түпнұска қолжазбасын 2004 жылы "Мәскеу жинақтардан Исламдық қолжазба кітабі" атты көрмесіне дайындалу барысында Мемлекеттік тарих мұражайында тапқан еді. "Шығарылған кітап – орыс тарихнамасының ескерткіші емес, тікелей қазақ халқының тарихи санасын көрсететін, қазақ мәдениетінің жазбаша ескерткіші. Түпнұсқа сол уақыттың оқиғаларын дәл қазақтардың көзіменен бағалауға мүмкіндік береді, – деді И.Зайцев. – Осы басылымымен біз көптеген беделді тарихшылар куәлігі бойынша, қазақ халқының тарихнамадағы болған қуыстықты айтарлықтай толтырдық".

Оның айтуынша, бұл бір адамның керемет хикаясы емес, тұтас отбасының, мемлекеттің. Ол мәтіннің тарихшылардың тиісті бағалауын алатынына және ХІХ ғасырдың бірінші жартысының Қазақстан тарихын қалпына келтіруіне үлкен үлес қосатынына сенімін артты.

Оны қолдаған тарих ғылымдарының докторы, директорының орынбасары, ММУ-ның Азия және Африка институтының Орталық Азия және Кавказ кафедрасының басшысы Жібек Сыздықова, басылымды Қазақстан тарихы бойынша іргелі көзі, әдеби мұрасы деп атады. Тарих ғылымдарының докторы РҒА ресей тарихы Институтының жетекші ғылыми қызметкері профессор Наиля Бекмаханова айтуынша, Кенесары ханның рөлі мен тағдыры тарихындағы маңызды кезең болып табылады, сондықтан ол Қазақстанның жоғары оқу орындарының тақырыптық сабақтарында орын алады.

Тарих ғылымдарының докторы Андрей Быковтың айтуынша, әлі ғылыми айналымға енгізілмеген, ХІХ ғасырдың қолжазбасы табылғаны, - тарихи көзқарасы тұрғысынан, Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің осы және басқа да тарихи мәселелеріне қызығушылық арттыру тұрғысынан – аса маңызды іс-шара. Ол осында зерттеушілер үшін кең өріс ашылатынын қосып айтты.

Тарих ғылымдарының докторы Дина Аманжолова кітапты Қазақстанға және оның халқына үлкен сыйлық екенін атады. "Тарихшы дереккөзді, құжатты, автографты, тапқан кезде ол бастан ләззат пен қуанышқа бөленеді, ал сонымен бірге оны оқырманға жеткізуі, ол тек үлкен бақыт", – деп ғалым сезімдерімен бөлесіп, осы ғылыми ашылымның соңғы емес екеніне сенім білдірді.

Дөңгелек үстел РМК шығыс әдебиеттері Орталығының Басшысы Марина Меланьина ұсынуымен Кенесары – ханның тұлғасы, тағдыры және дәуірі туралы сирек басылымдардың арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел және көрмесінің жұмысына көрнекті шығыстану ғалымдары, зерттеушілер, тарихшылар, мәскеудің жоғары оқу орындарының шығыстану факультетінің студенттері және журналисттер қатысты.

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz