Қазақстанның электронды коллекциясы Ресей кітапханалар қорына кіреді


logo_r_kz
ukash türkiye |

Қазақстанның электронды коллекциясы Ресей кітапханалар қорына кіреді

Ресей Қазақстан Ұлттық кітапханасының электрондық коллекциясын РФ қорына енгізу мүмкіндігін қарауда.

"Таяуда Ұлттық электрондық кітапхана туралы заң қабылданды. Ол әлі күшіне енген жоқ. Онда электрондық ортада кітапханаларды дамытуға қатысты көп инновация бар. ТМД елдерінің барлық ұлттық кітапханалары Ресейде бар электрондық кітапхана диссертациясын пайдаланады. Ресей ұлттық электрондық кітапханасының дамуы Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан кітапханаларын қатысушысы ретінде тартуға сеп болуда", – деп хабарлады РҰК бас директоры Александр Вислый.

Ол Ресей электрондық кітапханасы елдің ірі кітапханалар базасында қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа технологиялар мен Интернет ғасырында кітапханалардың адам өміріндегі маңызы жалғаса беретін болады.

"Кітапхана не керек, интернетте бәрі бар емес пе?» дегенді жиі естиміз. Желіде бәрі болғаны жақсы, оны көпшілігі қолданып та жүр. Ал кітапхананы Интернет толықтай алмастыра алмайды", – деп қосты Вислый.

Электрондық мұрағатты Қазақстан Ұлттық кітапханасы мен Санкт-Петербургтегі Президенттік кітапхана бірлесіп дамытатын болады. Бүгін тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

Қазақстан астанасында өткен кездесуге Ресей, Грузия, Әзербайжан, Иран, Тәжікстан, Германия, Австрия, Молдовадан барлығы 300-ге жуық адам келді.

ҚазАқпарат

akorda_kz

poslanie20121214_kz

flag_kz