Қазақстан азаматын қамауға алу

Егер Қазақстан азаматын РФ полиция қызметкері ұстаса қайда хабарласу керек?

2011 жылдың 7 ақпанындағы «Полиция туралы» №3-ФЗ федералды заңының 14 бабына сәйкес, аталмыш баптың 2 бөлігінде көрсетілген негіздеме бойынша полиция азаматтарды сот шешімі шыққанға дейін 48 сағаттан аспайтын мерзімге дейін ұстай алады.

Ұстау мерзімі тұлғаның қозғалу еркішдігін нақты шектеген сәттен бастап саналады, оған қоса полиция қызметкері ұсталған тұлғаға мұндай шара қолдану себебін түсіндіруі керек, оның заңдық көмек алу құқығы, аудармашы алу құқығы, туған туыстары немесе жақын адамдарына ұсталғаны туралы хабарлама жіберу құқығы, түсіндірме беруден бас тарту құқығы барын айтуы керек.

Шетел азаматының ұсталғаны туралы полиция РФ заңына сәйкес сәйкес мемлекеттің елшілігіне хабар береді. Қазақстан азаматы ұсталса, ондай хабарлама ұсталған, немесе еркіндігі шектелген басқа да түрлері кезінде үш күн ішінде жіберіледі.

Азаматтың заңдық мүддесі мен құқын бұзған полиция қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігі) жоғары органға немесе прокуратураға ша,ым түсіруге болады.

Қазақстан азаматы ұсталған жағдайда, ҚР сәйкесінше консулдық мекемелеріне жүгінген жөн. («ҚР РФ Консулдық мекемелері» бөліміне сілтеме).

РФ ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі Қазақстан азаматтарынығ ұсталғаны туралы  хабарламаларды  жұмыс күндері сағат  09.00 - 18.00 аралығында +7 (495) 627-17-54, +7 (495) 627-18-36, +7 (495) 627-17-06 телефондары бойынша қабылдайды.

Жұмыс емес күндері, демалыс немесе мереке күндері келесі нөмірге хабарласа аласыз: +7 (495) 627-18-21/627-18-22.